БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 261

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. қолтаңбасын көрсетеді, сондықтан оларды көптеп келтіруге болады. Мысалы: «Би ымырт қалғығанға дейін сарбаздар жайғасқан қостарды аралап, жай- жапсарға қаныққанда қолқасы суырылып, жүрегі жидіп жүре берді. Шетінен тұттай жалаңаш десе болғандай: бадана, кіреуке, сауытты айтып ауыз ауыртпағанда, көбінде жөні түзу найза мен қылыш жоқ. Көбінің қолдарындағысы – шоқпар, құрық пен сырық. Жейделерінің жеңін түріп, бастарына орамалдарын шарта байлаған мауыздай-мауыздай жігіттер күні ертең бес қаруы сай қалмақпен қидаласуға емес, құдды, түн жамылып, көрші ауылдан қыз алып қашуға келген желөкпелерге көбірек ұқсайтын» [5, 85 б.]. «Осы не бары елу сегіз жыл бұрын, хижраныың бір мың жиырма үшінші жылы Есім ханның кезінде қазақтардан шылпарасы шыға талқандалып, аман қалғандары әупіріммен Тобыл асып, кәуірдің қалың орманына тығылып жан сауғалаған алас-күлес замандарын бүгінде өтті- кетті түстері құрлы естеріне алса не дейсің!» [5, 107 б]. «Жылда-жылда запы болған шаһар тұрғындарының кәрі-құртаңы, бала-шағасына дейін кетпен-қайласын ала ұмтылып, қасқия қарсы тұрып бағыпты» [5, 108 б.]. «Араттарының тең жартысын қарға-құзғынға жем қылып оралған оны айызы қана, іштей табалай сыбады» [5, 108 б.]. «Сонау Әмір-Темір кезінде бой көтерген небір сәулетті ғимараттарды зерлеудің орнына сыпыра құлатып, тып-типыл ғып жатуының мәнісін тіпті ұға алмай қойған» [5, 160 б.]. «Өзі мұнда келгелі бой тасалап бақса да, бәрібір қалай баршаға мәлімденіп қалғанын, хабар тез жетсе де, іштен жауаптың кідіре бергенін ойлап, іштей ыдырына бастаған» [5, 161 б.]. «Шойын қақпаның аржағындағы қырық қабат есіктен өтіп, әмірдің кәуір кінәздерінің үлгісіне еліктеп салдырған сарайының қабылханасына жеткенше жүйкесін шытынатып болған би дияр бөлмедегі жалпақ ақ мәрмәр суффа үстіне парсы кілемін, оның үстіне бес қабат шәйі көрпе төсетіп, дәу үш құсжастыққа қисая жатқан иесін көргенде, ешбір әмір мен патшалардың қабылдауында ұшыраспайтын «салтанатына» күлерін де, қынжыларын да білмей, табалдырықтан әрі екі-үш аттаған беті қалт тоқтады» [5, 161 б.]. «Қазіргі жанбағыстары Жайылханның мойынында [5, 168 б.]. «Рас па, мыналардың айтып отырғаны!? Рас шығар. Күні ертең жарияланып қалар өтірікке кім боршықтырды бұларды! Тегі Хиуа жақта миясарлар пайда болғаны да қауесет емес – шындық» [5, 169 б.]. Тілімізде әдеби тіл нормасына ене қоймағанымен, ауызекі сөйлеу стильінде актив қызмет атқаратын, эмоционалдық-экспрессивті реңкі жоғары сөздер тобы бар. «Қарапайым сөздер» аталып жүрген бұл лексикалық қабат изоглостық сипаты болмағандықтан да көркем әдебиет стилінде қолданысқа ие болып келеді.Үйлесімді пайдаланғанда олардың контекст көлеміндегі көркемдікпен үйлеспей оны тұрпайыландырып, нұқсан келтіріп тұратыны байқалмайды. Қазақ әдебиетінде кезінде мұны Б. Майлин ұтымды және өнімді пайдаланған болса, қазір М. Есламғалиев оларды мол және мақсатты қолданумен ерекшеленеді. Жазушы оларды авторлық ремаркаларда да төл сөздерде де қолдана береді, бірақ одан шығарманың эстетикалық әсерінің көшіп, қара дүрсіндікке ұрынғаны байқалмайды. Керісінше сөздердің эмоциялық бояуы қоюланып, сөйлемнің экспрессиясы арта түседі, кейіпкер бейнесі де ешбір авторлық түсініктемесіз айтуында қалады. Мысалы: М. Есламғалиев әңгімелерінде қарапайым сөздердің қалың қабаты бар. Мысалы: малғұн, қақпас, дударбас, қым борбай, жылмақтас, тигеқам, суылдақ, дырқу 260