БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 260

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. мойындамауы мүмкін. Ауыспалы мағына бағалардың өздерінен тұрады. 2. Ауыс. Жан қинайтын азап, қиянат. М.: «Алды мазақ, арты тозақ тірлікке көндіккенше кеткені де жақсы ғой» [3, 158 б.]. Көркем туындыда диалектизмдерді қолданбауға болатыны, ал мақсаты пайдалануға кінә арту ағатшылығы қазір дау тудырмас ақиқатқа айналып келеді. Жалпы жазушының шығармаларында кездесетін диалект сөздер. Мысалы: Дәліз (Орда, Арал, Сыр, Жамбыл) ауыз үй, сене, кіреберіс. Мысалы: Дәлізде сүт пісірім уақыт күтті.(«Шашыңа ақ түскен бе, балам?!»); Әуескер (талик) әуесқой. Мысалы: Жеке таңдау әдісін әуескер колхозшы диқандар шаруашылығында қолдану керек.(«Мақташылық») Аяқтас (Рур, мағына) замандас. Ерепан (шығ. Қаз...,Алм., Шел.) Өте орасан, ересек. Мысалы: Сіз ерепан көп жүре бермеңіз. (Алм.., шел.) Жегелек (Алм., Шел.) қауынның кішкене түрі. Біздің жақта жегелек қауын көп. («Түнгі жолаушылар әңгімесі») Жейде (Алм., Шел., Еңб., Қаз., Іле.) ерлердің көйлегі. Мысалы: Қайырма жағалы жейде, тік жағалы жейделер болады (Алм., Шел.). Тарихи тақырыпқа алғашқылардың бірі болып қалам тартқан Ә. Кекілбаев прозасының тілін зерттеген С. Ғұбайдуллин жазушы тілінде диалектілердің көптеп қолданатындығын айтады. Ол былай деп жазады: «Көркем туындыда диалектизмдерді қолданбауға болатыны, ал мақсатты пайдалануға кінә арту ағаттығы қазір дау тудырмас ақиқатқа айналып келеді. М.Әуезовтың, академик Ә. Қайдаровтың, профессорлар С.Аманжоловтың, Ш.Сарыбаев пен О.Нақысбековтың және басқа да ғалымдардың пікірлері бір арнаға саяды. Ә.Кекілбаев прозалық шығармаларында 60-тан астам жергілікті тілдік ерекшеліктер кездесіп, олар тілдік қабаттарды (фонетика, лексика, грамматика) түгел қамтиды, дегенмен оның басым көпшілігін лексикалық ерекшеліктер алады. Олар негізінен маңғыстау говорына тән ерекшеліктер. Жазушы бұл диалектизмдерді көбіне сөздің колоритін сақтау үшін, ал қайсы- бірінің (мысалы: деңмент, тұран, шанаш, мөтей, ұшалау, алапа т.б.) әдеби тілде ұтымды баламасы болмағандықтан пайдаланатыны байқалады. Автордың диалектизмдерді жиі қолдануға жүгінуі (жәреуке, аңылжыған, ызғындай, салқам т.б.) семантикалық дифференцация мақсатын көздеуден туған деп есептеуге болады. 60-тан астам диалектизмдердің онын кейіпкер аузына, ал қалғанданын ортақ төл сөзге салуы жазушының диалектизмдерді қолдану принциптерінен көп ауытқи қоймағанын көрсетеді. Дегенмен, әдеби тілде орныққан баламасы бар сөздердің дүз, құлта, ынты-шынты, дәнденай, дәп т.б. сияқты диалектикалық варианттарын авторлық ремаркаларда стильдік жүк артпастан қолдануын үнемі қабылдауға болмайды» [4, 3 б.]. Диалект сөздерді тарихи дилогияда әртүрлі лексика-семантикалық топтар бойынша жіктеуге болады. Оның ішінде, ең бастылары «әлеуметтік- тұрмыстық лексика», «тұрмыстық құралдар», «киім-кешек», «салт-дәстүр», «төрт түлік» т.т. М.Есламғалиевтың тарихи романында кейбір батыс аймақта қолданылатын диалект сөздер жиі кездеседі. Бұлар автордың өзіндік 259