БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 259

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. ерекше қолданатын, ұлттық мәдени үрдістен мол хабар беретін лингвокультуремалар мен теңеулерді қосуға болады. Теңеулердің қолданылу ерекшеліктерін айқындау жазушы тілінің басты сиқырын ашу деп есептеген жөн, сондықтан теңеулерге аз да болса тоқтала кету жазушы тілінің біраз өзіндік ерекшеліктерін ашатыны сөзсіз. Тіл білімінің диалекшілері мен говорларды зерттейтін саласы – диалектология (диалекто-сөйлеу,говор, логос-ілімі деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтың, я ұлттың тілінің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды. Диалектілік мағына бөлігінің сөз таңбасын басқалай бергенімен қатар, қосымша рең де жамайтын секілді. Профессор М.Серғалиев жақында жарыққа шыққан «Көркем әдебиет стилі» деген зерттеуінде диалектизмдердің жеке қолданылу ерекшеліктерін қарайды. Жазушы Т.Әлімқұловтың диалектизмдерді орынсыз қолдануын қостамай ғалым мына сөздерді мысалға келтіреді: «Мелдектеген (тойған), шәркез (шексіз), басбілік (білгіш), қыжылы (ыза), диланып (семіріп), қаңқай (мағынасыз), оңаза (дерт), дүр (у), ығытты (ыңғайлы), найлап (бағдарлап), жағдаст (жағдай), бихисап (көп), теткіп (тоқтап) т.б.» [1, 51 б.]. М.Серғалиев былай дейді: «Диалектизм» стилистика мәселесімен тығыз байланысты. Диалектизмнің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі – авторлық ремаркада, екіншісі – диалогта. Авторлық ремаркада кейіпкер тіліндегімен салыстырғанда, диалектизм аз қолданылады. Мыс: «Кеңкелестің онысы несі-ей? Қарағым-ау, мына ыстықауметіңмен оның о шеті мен бұ шетіне қалай үдәбара шығасың?». Кеңкелес – жынды, ыстықауметіңмен - түріңмен, үдәбара шығу – үлгеру» [1, 86 б.]. Диалектизмдер басқа да эмоцияны туғызады, оған А.Тасымовтың «Туған тілдің бір бұтағы» деген зерттеуінен мысалдар келтірелік. Бұл еңбекте Батыс Қазақстан, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов облыстарында тұратын қазақтардың тіліндегі жергілікті ерекшеліктер сөз болады. Мысалы: «Аданас» – қарындас, сіңлі, апай. Мұрши да біздің аданас болады (Саратов). «Қарымгүл» - ағайын, туыс. Шие-1. Шеше, ана. 2. Ене. О қазақтардың шиесі барды ғой қасына (Саратов). Кемпес – кемпір. Кәрі әйел. Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауданында жиі қолданылады [2, 45 б.]. Диалект сөздер қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «диал.» белгісімен беріледі. Мысалы: «Үргелек. сын. диал. Қорқақ, үркек, секемшіл. Өзі үргелек еді, ода сайын үркітіп, дүрліктіріп бітті» [3, 557 б.]. Баға екіге бөлінеді. Жағымды, жағымсыз баға, оның өз құрылымы бар. Бұл құрылымның компоненттері мынау: 1) субъектінің бағасы. яғни баға арқылы заттың қасиетін тану; 2) заттың бағасы. яғни заттың қасиеті; 3) бағалардың өздері: абсолюттік («жақсы», «жаман», «бәрібір») және салыстырмалы («керемет», «нашар», «бірдей») және 4) баға берілетін көзқарас, негіз. Мысалға «тозақ» сөзінің түсіндірмесін алайық «Діни наным бойынша өлген кісілерді күнәсі үшін о дүниеде қинайтын жер, тамұқ». 1) субъектінің бағасы жағымсыз; 2) жағымсыз эмоция туғызады, көп жағдайда күнәға берілетін жаза; 3) абсолюттік жағынан «жаман» деген бағаға ие салыстырмалы баға «нашар»; 4) наным, сенім, дінге сенушілік, мысалға дінге сенбейтіндер «тозақты» 258