БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 258

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. shown by the analysis of scientific sources, the study of the functional qualities of the word involves the analysis of natural language with its inherent natural consistency. The study of the functional characteristics of the word, based on associative properties, including those that are not directly related to semantic features, is one of the stages in solving the problems of functional lexicology. Keywords: word, system, function, communicative approach to language, discourse, context, text, associative links, lexicography, linguistic personality, addressee. ______________________________________________________ ӘОЖ 82 /574/ Хасанов Ғ.Қ. – филология ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры Е-mail: [email protected] Нұрғалиева Г.Ж. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты Е-mail: [email protected] М.ЕСЛАМҒАЛИЕВ ПРОЗАСЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Аңдатпа. Мақалада М.Есламғалиев шығармаларындағы диалект сөздердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, кірме сөздердің, атап айтқанда, араб-парсы тілдерінен және орыс тілінен енген сөздердің тілдік қызметі талданады. Мақалада теңеулер ерекшеліктері жазушы М.Есламғалиев прозасынан алынған мысалдар бойынша талданады. Тірек сөздер: Жазушы, диалектілік лексика, говорлар, кірме лексика, арабизм, русизм, теңеу, ерекшеліктер. Қазақ әдебиеттану ғылымында ойып орын алмаса да, халық санасында өзінің атын қалдырған жазушыларымыз баршылық. Солардың ішінде, мақтанышымыз, жергілікті жазушыларымыздың бірі – М.Есламғалиев. Қазіргі әдебиетіміздегі тәуелсіздік кезеңінде шығармалардың өте аз жазылғаны бәрімізге белгілі. Орта буын қаламгерлер шығармашылығы әдеби тұрғыдан әңгіме арқауына ілініп жүргенімен, солардың ішінде М.Есламғалиевтың шығармашылығы тілдік тұрғыдан терең талдауға түсе қойған жоқ. Бүгінде М.Есламғалиевтың тілі зерттеушілер тарапынан әңгіме болмағанымен жазушы тіліне деген зерттеу жүргізу керектігі айқын. Алайда, жерлесіміздің қазақ әдеби тілінің дамуына қосқан үлесін бағамдау бір күннің шаруасы емес екені бәрімізге түсінікті. М.Есламғалиұлының тілдік көркемдігінің басты ерекшеліктерін ашу оңай іс емес, сондықтан бұл зерттеу жазушы тілінің көлемді романы «Әйтеке би» шығармасын қамтиды. Зерттеу нысанына алынып отырған жазушы М.Есламғалиев – өмірден ерте кеткен шебер прозаик, сыншы, публицист, аудармашы. Жазушының тіл құралдарының байлығы мен оны қолдану шеберлігі күні бүгінге дейін арнайы зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Жазушы тілінің лексикалық ерекшеліктері, оның ішінде, көнерген сөздер, диалектілердің қолданылуы жете зерттелмей келеді. Оның үстіне, орыс тілінен енген қолданылу ерекшеліктерін айқындау мәселесі де бар. Бұған автор өз шығармаларында 257