БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 247

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. хақындағы афоризмдерінің өзі бір төбе. Мысалдар төмендегіше: Ұрпақтың ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрасы - өзі бастан кешкендерден түйген азды- көпті рухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым - келешегінен қол үзген қауым; Біздің халқымыздың рухани өмірінде саяси проблемалардан гөрі адамгершілік проблемалары үстемірек орын алатын сияқты; Мен әдебиетте іскер адамды да, қарапайым адамды да емес, рухани күшті адамды көрсетуді жақтаймын; Арлы адам - ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойынсынбайды.Сондықтан оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес; Қазіргі гуманистік әдебиет адамдарды рухани енжарлықтан, жалқаулықтан, көрсеқызарлықтан, ләззатқұмарлықтан, баққұмарлықтан, даңққұмарлықтан сақтай білуге тиісті; Мен өз басым әдебиеттің негізгі міндеті - әшкерелеу де, дәріптеу де, ақыл айту да, алдарқату да емес, адамдарды, адамдық тіршілікті әуелі өзің жете түсініп, сосын оқушыңды жете түсіндіріп, оның өзін-өзі рухани шыңдай білуіне түрткі болу деп ұғамын; Небір шын құрмет, шынайы ықылас, нағыз махаббатқа лайық абзал жандар өзін-өзі көтермелеп, өзін-өзі қолдан-қолға өткізіп, өзін-өзі саудаға салып жүрген рухани жалдаптардың құрбандығына айналады; Қандай заманда да өз бақыты жолында күресе білмейтін адамның өз өмірін мазмұнды, мағыналы ете алуы еш мүмкін емес; Адам мен адамзаттың армандары ешқашан аласармайды; Адамның адам, адамзаттың – адамзат атануына Лев Толстойдай үлес қосқан кісі кемде-кем; Өмірдегі небір қаны тамшылаған шындықтар қайдағы бір жалған намыстың сойылын соққан рухани көлгірліктің тасасында қалып қояды; Пушкиннің ең басты рухани ерлігі, әрине, Евгений Онегин; Шындыққа сенбей, қисынға сену - рухани мүгедектікке ұрындырады; Көнбістік - рухани мүгедектің бір сатысы; Жасап-жаңғыру үшін өзінен бұрынғының аузы-мұрнын қан қылу тіпті де шарт емес; Өзіне сенбейтін кісі төңірегіндегілердің бойынан ешқандай жақсы сипат,жақсы қасиет көрмейді; Төтен сауалдан айламен сытылып кетуге тырысатын рухани алааяқтық - перілік, төтен сауалға тура жауап беруге тырысатын рухани адалдық - періштелік, тырысып қана қоймай,жауап таппай тынбайтын рухани жанқиярлық – пайғамбарлық; Рухани экологиямызды аздырып-тоздыратын апат өзіміздікін өзімізге көп көретін ескі қасіретімізден - етектен тартпа іштарлығымыздан өніп,өрбейді; Шын ақын өзін өз ұлтының рухани әкесімін деп емес, ең кенже перзентімін деп санайды;Абыройлы азамат: артының сұрауы бар, аузының дуасы бар; Дүниедегі ең қатерлі кесапат – үйреншікті дағдының дегенінен аса алмау; Үлкен таланттың басына да бақыт – жолы болғыш аушыға жолыққан сар сазандай салаң етіп бірден түсе қалмайды; Рухани әлем - қашанда қанағатсыз әлем; Кез келген микробтар сияқты рухани микробтардада тек есік-терезені тарс қымтап қойып сақтана алмайсың. Берік рухани иммунитет керек. Рухани бедерсіздік саяси тәуелсіздікті де тәрк етеді; Ақылға сыйымдылық - жұрт сияқты өмір сүре білу, олардың алдында именшектейтіндей қорда болмау, сескендіретіндей зор да болмау,басқалардың қадір-қасиетін сыйлай білу, өзіңді басқаларға сыйлата алардай қадір-қасиетке ие бола алу. Меніңше, ұлттық сана мен ұлттық намыстың негізгі мәні, міне, осында жатқан сияқты; Жалпақ әлемді аузыңа қарату үшін, рухани ерлік керек, жалпақ әлемге қысылмай, қымтырылмай қарату үшін, рухани байлық керек; Заманға таңғалма, адамға таңғал; Маңдай ашылу үшін тәуекешіл талап керек; Күйші туралы ерніңнің ұшымен епсектеп сөйлей алмайсың, ет-бауырың езіліп, 246