БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 248

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. еміреніп қана сөйлеу керек; Құймақұлақ әрі жұқа жүрек шәкірт бола білген адам ғана өнегесі мол кісілікті ұстаз бола алады; Өзіңе сену деген еңбегіңе сену деген сөз. Жинақтай айтсақ, афористика – даналық тұнбасы. Ұшқыр ойды көркем образға айналдыру өнері. Даналықтың тылсым құпиясы осы өнерде. Даналық тұнбасының мөп-мөлдір бұлағынан нәр алу, астарлы да ажарлы ой құнарынан нұр алу қашан да жан байытар, жігер жандырар, өміри көзқарасыңды қалыптастырар, күрмеуі көп тіршілік құпияларын танытар қастерлі дәстүр. Ата-бабамыздың, адамзат баласының жер бетінде өмір сүру тәжірибесінің қыр-сырларын көңіл көзінен өткізгенге не жетсін! Тарих төріндегі талай марқасқа бабалардың ғана емес, заманы бір толымды заңғарлардың ойына ортақтасудың өзі қандай! Демек, бүгінгі жастарды – ертеңгі кәсіби ұлт тұлғаларын, Абай ғұлама айтқандай, «табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам» ретінде баулуда осынау ұлы мұраның, даналық ойлардың орны орасан. Ендеше, афоризм – шынайы шипагер емші. Аталы сөздің атан түйеге татитындығы да осында. Олай болса, күллі әлемге белгілі қоғам қайраткерлерінің, нар тұлғалы азаматтардың өмірдің ащы-тұщысын көргендігі, тәжірибесінің молдығы, көңілге түйгенінің тереңдігі, одан алған тағылым-тәжірибесінің ұланғайырлығы алдыңғы ата-бабалардың даналық қазынасына құлақ қоюынан, әлемдік өркениет-мәдениет тұңғиығына зер салуынан, замандас әріптестерінің елең еткізер ойларына сыни көзқараспен қарай алуынан деп білеміз. Ел үшін тер төгуде, тіпті күнделікті тірлікте сәтті ой өруде, онсыз да жетпей жататын уақыт шіркінді үнемдеуде, тұйықтан шығарар жол көрсетуде мол жәрдем етер осыншама асыл рухани мұра үзіктерін, алтынның жарқылдарын ерінбей-жалықпай топтастыру, арнайы зерттеу нысаны ету, келешек жастарға үлгі ете ұсыну қолдарлық іс. Әдебиеттер: 1. Назарбаев Н.Ә. Ақыл – парасат кітабы. – Алматы: RS; Халықаралық Абай клубы, 2015. – 316 б. 2. Қыдыршаев А.С. Шешен сөйлей білеміз бе? (Шешен сөйлеу мәдениетінің алтын қағидалары): оқу құралы. – Орал, «Полиграфсервис» баспасы, 2017. – 364 б. 3. Қазақ афоризмдері (Ақыл-ой антологиясы: бағзыдан бүгінге дейін) / Құрастырушы Е.Шаймерденұлы. – Алматы: «Алматы кітап» баспасы, 2012. – 320 б. 4. Қайдар Ә.Т. Халық даналығы (Қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу). – Алматы: «Тоғанай N» баспасы, 2004. – 560 б. 5. Қыдыршаев А.С. Шешендік тағылымы. – Орал: «Ағартушы» баспасы, 2006. – 142 б. 6. Борохов Э. Энциклопедия афоризмов: Жемчужины мысли. – М.: «Издательство АСТ», 2003. – 686 с. 7. Душенко К.В. Большая книга афоризмов. 8-е, исправленное. – М.: Издательство Эксмо, 2006. – 1056 с. 8. Большая книга афоризмов. Мудрость тысячелетий. – Минск: Харвест, 2008. – 506 с. 9. Лучшие афоризмы великих людей. Формула успеха / Составитель А.П. Кондрашов. – М.: РИПОЛ классик, 2010. – 640 с. 10. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі / Құрастырушылар З.Ахметов, Т.Шаңбаев). – Алматы: «Ана тілі», 1998. – 384 б. 247