БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 245
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
афоризмдерінің бастау көзі арғы қазақ арналарынан тарата айтқанда б.з.д. V-
VII ғ. бағзы мәдениет бұлақтарынан саналады. Бұған біздің дәуірімізге
дейінгі шамамен 555 жыл бұрынғы атақты Анахарсистің «Жақсылық та –
тілден, жамандық та – тілден», «Сый – жеңгендікі, сөз – тергендікі»,
«Бақытты шаңырақ дегеніміз – жылтылдаған сәнді сарай емес, жан
жарыңның, жақын-жораларың мен сүйкімді балаларыңның сыңғырлаған
күлкісі, ырысы мен ынтымағы», «Дүниеде уақыттан жасы үлкен ешкім де,
ештеңе де жоқ», «Үй дегеніміз – балташылар мен тас қалаушылардың
еңбегінің ғана емес, үй ішінде тұрып жатқан адамдардың өзара қарым-
қатынасының да жемісі», Тоқсарының (Токсарид) «Достық туралы көп
сөзден достық пейілді бір іс артық», «Құдалық та – достықтың дәнекері»,
Тоныкөктің (Тоң-ұқық) «Ақыл иесі – сөз иесі», «Қағаны батыр, ақылгөйі
кемеңгер елдің бағы жанады», Білгенің (Мерген) «Түркіні бұзар – тәтті
сөз», «Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды», «Түркі жұртының
тоқмейілсуден асқан дұшпаны жоқ», Күлтегіннің «Бек ұлдарың құл
болмағай, пәк қыздарың күң болмағай!», «Ағасын танымаған іні азар,
атасын танымаған ұл азар», «Кетіскеннен кектескен жаман» [3, 15-18
б.] деп тұжыруы айқын дәлел. Демек, қазақ афоризмдері – сан ғасырлық
тіршілік тағылымынан нәр алған даналық ақыл-ой тұнбасы. Афоризмдер –
көшпелілер мен олардың ұрпақтарының өмір сүру тәжірибесін паш ететін
ұлттық санамызда, ел зердесінде ерекше із қалдырған ұлы тұлғалар мен
ұшқыр ойлы замандастарымыздың ұлағатты сөз тәмсілдері. Интеллектуалдық
қазына қалпындағы афоризмдер – адам, адамзат тағдыры туралы
тұжырымдар. Афоризмдер – қысқа да нұсқа ойнақы ой мен сиқыр сөзден
өрілген тарих, Ұлт тағдырын ұрпақтар сөзінің сабақтастығымен айғақтайтын
рухани желі, уақыт тынысын, заман, қоғам мінезін танытар таңғажайып
куәлік. Афоризмдер – халық сөзінің небір жауһарлары, сұлу сөздің қадірін
білетін, шешен сөйлеуді өнерге балайтындар үшін шеберлік шыңдау мектебі.
Демек, афоризмдер – ертеде ғұмыр кешкен ұлы дала данышпандарының ой-
маржандары, тұңғиық сырлы толғамдары, сөз шолпандары, меруерт
толқындары. Ендеше, бұл – ой мұхиты, сөз дариясы іспетті өзгеше бір бөлек
әлем, шексіз шалқыған кеңістік.
Әрине, афоризм – абсолютті айқын шындық, дайын рецепт не әлдебір даяр
нұсқаулық емес. Олай болса, қазақ афоризмдеріне қазақ философиясының
төл табиғатын ашар, тақырыбы мен тәсілін тануға жол сілтер ғылыми көркем
жүйе ретінде қарау дұрыс. Қысқасы, афоризм – адамзат өркениеті мен
мәдениетіндегі рухани сабақтастықты қамтамасыз ететін шағын пәлсапалық
ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын, әлеуметтік-саяси, моральдік-
этикалық және эстетикалық көзқарас, туындыгерлік тұжырым түріндегі
қысқа да нұсқа көркем туынды, бейнелі кестеленген нақыл сөз. Басты
шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне
орайлас көзқарастағы анықтық, ой шындығына адалдық, пікір жинақтап
қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік және ойды жеткізудегі
дәлдік пен қысқалық. Афористік туындыда әр ой өзінше өзгеше өрнектелген
бөлек бітімге ие.
Зерделеушілердің бірқатары афористиканы сөз өнерінің бір түріне
жатқызады. Мәселен, данышпан Абай сөз өнерін өлең сөз (поэзия), қара сөз
(проза) және ғақлия сөз (афористика) тұрғысында таразылайды. Демек,
афоризм – өмір тәжірибесін барынша ықшам әрі өте жинақы кескіндеу
244