БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 244

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. болар тәрбие, келешекке аманат қылып қалдырар асыл мұра тұрғысында ұғынылған. Демек, сөз өнері – қазақтың қанына сіңген таусылмайтын байлық. Ал жастайынан тамыры тереңде жатқан түгесілмейтін қазақ ойының қазанынан сусындай білген ұрпағымыз сөзді түстеп те, салмақтап та, астарлап та білуі тиіс. Себебі сөз қасиетін таныған ұрпақтың ары да, жігері де, намысы да таза болары даусыз. Сөз – сиқыр. Сөз - ойды ұрпақтар игілігіне айналдырушы асыл айна, зерен зерде. Сөз де, ой да – халық болмысын, рухы мен дүниетанымын танытушы адамдық қос құдірет. Ал афоризм – сөзге айналған ойдың, оймен нұрланған сөздің сән-салтанатын паш ететін бірегей тұжырымды түйін. «Афоризм» («aphorismos») сөзі көне грек тілінде «шағын үзінді», «бүтіннің бөлшегі», «үзік», «фрагмет», «қысқаша анықтама» ұғымдарына сай. Бұл термин орыс тілінде ХҮІІІ ғасырдан бастап ғылыми айналымға түскен. «Ресей Академиясының сөздігінде» (1789 ж.) «афорисм» деп алынған. Бұл терминді қазақ ғалымдарының арасында тұңғыш қолданушы Ш.Уәлиханов: «Қазақтардың ұшан-теңіз өлең жырлары, әлдебір дәуірлерде ақылды бабалары шығарған мәтелдері мен афоризмдері бар», - деп жазады. Әйгілі ғалым терминнің мағыналық, құрылымдық және ұғымдық ерекшеліктерін дөп баса отырып, екі мәселеге ерекше маңыз берген. Біріншісі, афоризмнің белгілі бір авторға телініп және ақыл-кеңес сипатында болатындығы, екіншісі – оның жеке жанр екендігі. Афоризмдердің табиғатына қатысты пікірлер де сан алуан. Мәселен, «Афоризм – это граненый алмаз мудрости» (Гарун Агацарский), «Афоризм – это алгебра мыслей» (Георгий Александров), «Афоризм – это мысль, исполняющая пируэт» (Жорис де Брюйн), «Афоризмы подобны адвокатам, неизбежно видящим лишь одну сторону дела» (Энтони Бёрджесс), «Хорошие афоризмы – горькое лекарство в приятной оболочке, которое лечит, не оскорбляя вкуса» (В.Швебель), «Единственный способ читать книгу афоризмов без скуки – это открыть ее наугад и, найдя что-то интересное, закрыть книгу и предаваться размышлениям» (Шарль-Жозеф де Линь), «Афоризм – как пчела: в нем и золотистый мед, и ядовитое жало» (Кармен Сильва), «Изречения великих людей подобны позолоченным ложкам: позолота сходит от частого употребления, так и блеск афоризмов теряется от частых повторений» (О.Бальзак), «Мышление афоризмами характерно для народа» (М.Горький), «Афоризмы – камертоны жизни», «Афоризмы – это мысль, отшлифованная опытом» (А.Лаврухин), «Афоризм – это оригинальное выражение банальной мысли» (Э.Севрус), «Афоризм содержит полправды – необычайно высокий процент» (Габриеэль Лауб), «Любой афоризм что орех: снаружи хорош, а внутри на три четверти пуст» (Фернан Вандран), «Афорист – добытчик аттической соли для чужих кушаний» (Веслав Брудзиньский), «Вы заметили, что мы обращаем гораздо больше внимания на мудрые мысли, когда их цитируют, чем когда мы встречаем их у самого автора?» (Филип Хамертон), «Будущее литературы – в афоризме. Его нельзя эранизировать» (Габриэль Лауб), «Читая древних мудрецов, часто находишь что-то свое» (Болеслав Вольтер), «Не пора ли ввести кольцевание крылатых слов?» (Борис Брайнин), «Не надо мне некролога – лучше напечатайте на этом месте мои афоризмы» (Аркадиий Давидович), т.б. [5; 6; 7; 8; 9]. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. Яғни, қазақ 243