БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 240

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. амалы тек осылармен ғана шектелмей, бірнеше сөздің тіркесі арқылы жаңа ұғымды білдіретін қоғамдық-саяси, ғылыми аталымдарды, терминдік орамдарды біріктіріп жазудың ең өнімді амалға айналып бара жатқандығы байқалады. Мерзімді баспасөз беттерінен сөз біріктіру амалында еркіндік бар. Олардың жазылуындағы әрбасқалық проблеманы тереңдете талдаудың өзектілігін байқатады. Мәселен, Орфографиялық сөздікте «дер кезі» түрінде берілгенімен, жазу практикасында «деркезінде» нысанында таңбалау нормаға айналған. Біріккен сөз емлесінің талданып тұсіндірілуі терминжасам ісінде де, мектепте білім беруде де аса маңызды. Ұсынылған сөздердің біріге жазылуы тілдің үнемдеу заңдылығынан туындап отыр немесе бұл жайт әралуан мазмұндағы ақпаратты жеткізудегі қазақ тілінің мол мүмкіндігін танытатын белгі деп те бағалауға болар; дегенмен бұл ретте нақты бір ұғымның атауын қазақша жеткізуде, өзге тілдік терминге балама іздеген кезде жеке тұлғаның санасында өзгетілдік терминнің, атаудың семантикалық сыйымдылығы, мағынасымен қатар құрылымдық пішіні көз алдында тұратындығы анық байқалады. У. Вайнрайх «тіларалық бірдейлестіру» деген терминді атаған болатын, ғалымның пікірінше, қостілді адам өзара қарым- қатынаста болатын екі тілдің өзара ұқсас элементтерін теңдестіреді, бұл ретте теңдестіру бірінші тілдің ерекшеліктеріне бағынады. Осыған байланысты қазақ тілінің тіпті жазу-сызуда да «тіл-реципиент» ыңғайында келе жатқандығы, демек, сөз біріктіру амалының кейбір сипаттарын әлеуметтік лингвистика, психолингвистика тармақтары арқылы түсіндірудің маңыздылығы ғалымдарды ойландыруы тиіс. Атап өтерлік жайт – Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерінде біріккен сөздердің емлесі жан-жақты талданған, дәлелденген; талдау мен дәлелдеу барысында қазақ әдеби тілінің қазіргі функционалдық ерекшеліктері, лексика құрамындағы динамикалық сипаттар, жазба коммуникациядағы жазу дәстүрі, ғылыми тұжырымдар толық ескерілген. Алдағы уақытта Жаңа Емле ережелерінің негізінде бекітілген терминдер қатарынан орын алып, орта білім беру жүйесінің лингводидактикалық құралдарына енгізілген біріккен тұлғалардың емлесі сауаттылық, әдеби норма үшін басшылық алынатын орфографиялық сөздік немесе оларды жинақтайтын тіркеуші жеке сөздік түзілуі арқылы бірізділенетін болады. Емле мен жазу, әдеби норма мен сөз мәдениеті ұлт тілінің қалыптаса бастаған кезеңінен бастап-ақ орныға бастайды, алайда қоғам дамуының әр тұстарында олардың тұрақтылығы мен бірегейлігі және әлеуметтік лингвистикалық мәні өзгеріп отырады, демек, қазақ емлесі мен жазуы мәселесі де ұдайы жетілдіріп, толықтырып, қайырадан зерделеп отыруды қажет етеді. Әдебиеттер: 1. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы // Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – Б. 335-341. 2. Балақаев М. Біріккен сөздердің орфографиясы // Казахский литературный язык. – Алматы, 1987. – Б. 217-228. 3. Маманов И. Орфографиялық сөздіктегі олқылықтар // Қазақ әдебиеті. – 1983. – 4 ақпан. – Б. 3. 4. Аханов К. Емледе ғылыми принципті ұстанайық // Социалистік Қазақстан. – 1977. – 4 март. – Б. 2-3. 5. Есенов Қ. Біріккен сөздер // Қазақ әдебиеті. – 1977. – 11 наурыз. – Б. 4-5. 239