БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 239
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
жансепбіл, жанторсық; жер: жерағаш, жералма, жералмұрт, жербалшық,
жербауырсақ, жержаңғақ, жеркепе, жерқазба, жерқылаң, жерошақ,
жертаған, жерұйық, жерұшық, жершай, жертөсек, жертөле, жертезек,
жерүсті, жерсоғар, жержыртқыш, жеркезбе, жерқазан, жерқойма,
жермай; ой: ойтүрткі, ойтамызық; тас: тасбауыр, тасжаңғақ, тасжол,
тасжүрек, таскесер, таскөмір, тасқорым, тасқұлақ, тасошақ, тасқайрақ.
Анықтауыштық-анықталушы қатынаста пайда болғанымен, бір
ұғымның атауын білдіретін (олар лексикаланған тіркестер деп аталып келеді)
күрделі тіркестерді де бірге жазу дәстүрі қалыптасқан; жазу тәжірибесі мен
жазу дәстүріндегі үлгілер де ықпал жасайды: асқасық, шайсауыт,
сабынсауыт (60-жылдардан бері қарай сиясауыт үлгісімен), сабынсу,
тәттішай, шүкіршай, оқсауыт, мөртаңба, мөртабан, тасмүсін (статуя),
тастұлға (статуэтка).
7. Бір сыңары ықшам (екі-үш-төрт таңба) болып келетін сөздердің бірге
жазылуына тұтастай, жымдаса айтылу, біртұтас ырғақ, интонация да әсер
етеді.
8. Бекітілген терминдер сөздігі мен мектеп оқулықтарында дағдыға
айнала бастаған жазу нысанының тағы бір түріне кейбір ұғымдардың орыс
тілінен аударылуы себепкер болып отыр. Тілдік фактілер іріктелген сөздіктер
мен мектеп оқулықтарында дыбыселіктеу (звукоподражание), дыбысбейнелеу
(звукосимволизм),
әлемитүйсік
(мироощушение),
өмірсезіну
(мироощущение), өміртүсінік (миропонимание), орынбасу (замещение),
кітапбасу
(книгопечатание),
жібекөндіру
(шелководство),
жалқытақырыптылық (монотематизм), үшендыбыстылық (троезвучие),
дауысзорайтқыш (мегафон), қаналмасу, тынысалу, қанайналым, асқорыту,
жылуреттеу қызметі,
жұтқыншақмаңы, қалқаншамаңы бездері,
тұқымбастама, бұлшықет, ұсақағза (микроорганизм), біржасушалы,
сызбанұсқа, құрамбөлік, деркезінде, кезкелген тәрізді сөздер орын алған
(мектеп оқулықтарындағы қолданылу жиілігі жоғары мысалдар көрсетіліп
отыр).
9. Бекітілген терминдер қатарынан бірге жазылуы қарқынды бола
бастаған төмендегідей нысандарды да көрсете кетеміз; олар: ақаутапқыш
(дефектоскоп), арақашықтық, баспатабақ, дыбысқұжат, әміртыйым (вето),
әралуандық (плюрализм), әріпсан (индекс), бағакөрсеткі (прейскурант),
баяндаухат, бейнеүнхат, бейнехат, бетбағыт (тенденция), дәлбедер
(муляж), дерексөздік (тезаурус), келемежсурет, жеделақпар (депеша),
заңсыйлаушылық (законопослушность), заттаңба // затбелгі (этикетка),
қалаулеп
(кондиционер),
қолдаухат,
маңдайшажазу
(вывеска),
пікірсарап(рецензия), ықпалшара (санкция), сәулебелгі (водяной знак),
сыйқұжат, заңқұзыреті (юрисдикция), жөнсілтер (путеводитель),
ұсақтауарлы, үзіксызық // көпноқат (пунктир), үнқұжат, телқұжат,
түпқұжат, шағынфильм.
Осылайша таңбалану мәселемен тікелей айналысатын мамандардың
дәйектемелерін қажет етеді, өйткені қазақ әдеби тілінің қазіргі
динамикасында сөз біріктіру амалының жандана түскендігінің сыртқы және
ішкі себеп-факторларын норма регламентациясы тұрғысынан реттеу айрықша
қажет. Бұл қажеттіліктің жауапты жағы мынада деп ойлаймыз: біріншіден,
ұлттық мазмұнға ие аталымдардың немесе биологиялық, анатомиялық
бірқатар терминдердің емлесі орныққан, дәлелденген десек те, сөз біріктіру
238