БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 238
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
мәдениетінің сапалы болуы мен қазақ әдеби тілі лексикалық байлығының
қолданысқа түсуінде, тілдегі динамикалық құбылыстарды қадағалауда
публицистикалық стильдің доминант стильге айнала бастағандығын атап
көрсеткен болатын [13]. Бұны қайырадан еске салудағы мақсатымызға жазу
практикасында, әсіресе баспасөз тілінде, заңнамалық мәтіндер мен оқу-ағарту
әдебиетінде, қазақ терминжасамында сөз біріктіру амалының белсенді
сипаты себеп, ал әрбір тілдік құбылыстың қолданыста пайда болуы сыртқы
тілдік және ішкі тілдік факторлар әсерінен туындайтыны мәлім.
3. Ішкі тілдік факторлардың бірін ғана атап өтуге болады. Синтаксис,
морфология, фонетика салаларында көбірек талданатын тілдің үнемдеу
заңдылығының қажеттілігі қазақ жазба коммуникациясында байқалады.
Тұтастыру, ықшамдау, ықшам номинация жасау жазу практикасында
спонтанды түрде жүзеге асады деуге де болады, сонымен қатар баспасөз
ерекшелігі үшін үнемдеу заңдылығы маңызды орын алады. Мәселен, күрделі-
құрама атаулардың (номенклатуралық атаулардың) қысқарған сөз түріндегі
формасын қолдану ақпаратты молырақ қамту жайына байланысты тікелей
байланысты.
4. Қазақ емлесінің қазіргі қалпында бірінші компонент болатын, сыртқы
құрамы ықшам (көп дегенде үш-төрт фонемадан тұратын және бір, екі, үш,
бес,он сан есімдері) сөздердің лексикалық-синтаксистік шекарасының
сақталуына соншалықты талап қойылмайды, сөйтіп, көпұлтты, көпнекелік,
көптектілік, көпорталықтық, қосотаншылдық, жалпымемлекеттілік,
қосмәнді, қосаймақтық, қосазаматтылық, қосақиқат, қосұдайылық,
қостерістеу, үналғы, үнтаспа, үнжазба, үнжария, бірнекелілік, бірмәнді,
екімәнді, екіұдайылық, екіқұрамды, екіортада, екіарада, екіеселенген,
қаржинағыш, сушашқыш, мөртабан, мөрқалып, түрөзгеріс, теңтөраға,
төлқұжат, тікұшақ ,тұсқағаз, жарқағаз, басқосу түрінде таңбалау 31
томдық сөздікте бекітілген және осылайша жазуды мерзімді басылымдардан,
заңнамалық құжаттардың мәтіндерінен кездестіреміз.
5. Ал жай, хат, қап, ақы сияқты тағы да сыртқы формасы ықшам
сөздерге қатысты мыналарды айтуға болады: осы сөздер екінші компонент
болған жағдайда алдыңғы сөзге біріктіріле жазылатындығының алғашқы
үлгілері 1988-1990-жылдары (кейбірі тіпті одан да әріректе) жаңа қолданыс
ретінде пайда болған еді (саяжай, құлаққап, саябақ типтестер) осы үлгілер
арқылы тәлімбақ, тынымбақ, өсімдікжай (оранжерея), көшетжай,
жылыжай.жемісқап, тозаңқап, қаламқап (пенал), қаламөзек (грифель),
өсімдіктек, жануартек, қайнаркөз, дереккөз, әділсот, кеппешөп (гербарий),
себетгүл, бітеугүл, гүлсағақ, шәкіртақы, сыйақы, жәрдемақы, айлықақы
(оклад), үстемеақы, мағлұмхат, ықтиярхат (вид на жительство),
жазбахат,баянхат, тұрақжай, сапаржай тәрізділер жасалып, ақы, хат,
жай, гүл, қап типтессөздерінің терминдік ұғымды нақтылай түсетін демеуші
тұлғаға (сөз-морфемаға) айнала бастағанын танытады.
6. Қазақ тіліндегі жеке сөз гиперонимдік мазмұнды иелене бастаған, оның
үстіне олар сыртқы тұрпаты жағынан екі-үш таңбадан тұратындықтан өзінен
кейінгі немесе алдыңғы сөзбен бірге жазыла бастады. Мысалы, бет:
беташар, беталыс, бетбұрыс, бетперде, бетмоншақ, бетесеп, бетбасы
(заставка полигр.), беттопырақ, беторамал; жан: жандалбаса, жаналқым,
жанайқай, жандәрмен, жанауыз – өгізге жанауыз салу, жанбағыс,
жанкешті, жанкүйер, жанқалта, жансарай, жанқияр, жанбағыс,
237