БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 210
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Үлгілеу ғылыми зерттеу әдістерінің бірі болғандықтан, жоғары оқу
орындарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесінің
ерекшеліктерін ескере отырып, кредиттік оқыту технологиясы жағдайындағы
студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үлгісі құрылды. Кредиттік
оқыту жүйесінде оқытушы мен студент оқу әрекетінің субъектілері
болатынын білеміз. 2 - суретте студенттің өзіндік жұмысы мен оқытушы
қатысында өтетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру үлгісі берілген.
Студент тек толығынан беріліп еңбектеніп қоймай, оқу әрекетін іске
асыруда өзінің даралық мәнін түсінеді. Оқытушы мен студенттің бірлесе
жұмыс істеуі студенттің білім деңгейінің жоғарылап, дара тұлға ретінде
қалыптасуына мүмкіндік берері сөзсіз. Студент пен оқытушының
ынтымақтастықта жұмыс істеуі негізінде кері байланыс орнап, белгілі бір оқу
әрекеті белсенді түрде орындалып, орындалған әрекеттер бақылау мен
өзіндік бақылау арқылы бекітіледі.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында субъект-субъект қатынасы
жүзеге асып, оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс күшейе түседі.
Оқытудың репродуктивті сипаты қарқынды, шығармашыл сипатқа ие болады
[6].
Студенттердің өзіндік жұмыстарын уақытында өткізу кезінде туындайтын
жағдайлар өзіндік жұмыстарды тапсыруға студенттердің уақытымен келмеуі,
оқу-әдістемелік әдебиеттердің, әсіресе қазақша тілде жетіспеуі, материалдық-
техникалық базаның аз қамтамасыздандырылуы болып табылады.
209