БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 211
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының сапасын жақсарту үшін берілетін
ұсыныстар
оқытушылардың
біліктілігін
және
шығармашылық
белсенділіктерін арттыру, қажетті оқу-әдебиеттермен қамтамасыз ету,
мамандықтарына сәйкес студенттердің терең білім алу үшін студенттің
өзіндік жұмысы университеттен тыс мекеме орындарында, зертханаларда,
ветеринарлық клиникада өткізу.
Өзіндік жұмыстың студенттерге тигізетін пайдасы іздену мен
шұғылдануды, оқытушының ұстанымдары мен бағыт-бағдарын нәтижеге
жеткізуді үйретеді.
Өзіндік жұмыстың кез-келген түрін іске асырғанда студенттер
жауапкершілікті сезініп, уақытылы бағалауды үйренеді, өз бетімен меңгерген
білім есте нақты қалады, қызығушылықты оятады, іскерлікке үйретеді.
Қорытындылай келе, өзіндік жұмыс бос әрекет болмас үшін студент
алғашқыдан оның өз дамуына қажет қызмет екенін ұғынуы шарт.
Бұл үшін студенттің өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда әр студенттің
оған дайындық дәрежесін ескере отырып, тапсырмалар тобын ақпарат-білім-
ақпарат жүйесіндегі танымдық іс әрекеттерді өзіндік басқарымға келетіндей
етіп құрастыру қажет. Сонда ғана студенттің өз әрекеті және оның өзіндік
басқаруымен жинақтаған білімі қоғамдық ақпарат қорын өтетіндей болып
меңгеріледі.
Нәтижесінде, студент өзіндік жұмысты тек жеке басының міндеті емес,
қоғам алдындағы парызы ретінде түсінуден жалпы оқуға деген ізденіс
талабына болған жауапкершілігін арттыра түседі. Осылайша болашақ маман
жоғары оқу орнының қабырғасынан ертеңгі кәсіби қызметіне сай қалыптаса
бастайды.
Әдебиеттер:
1. Исмаилова Р.Б. Студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстарды
ұйымдастырудың ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. – 2012. – №5, 6. – Б.
36-37.
2. Бурибаев Б., Дузбаева Р. Учебно-методический комплекс дисциплины в
условиях КСО // Высшая школа Казахстана. – 2006. – №2. – С. 19-23.
3. Мұханбетжанова Ә., Молғалиев Б. Дидактика. – Орал, 2005. – 104 б.
4. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М.: 1996. – 544 с.
5. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. – М.: 1981. –
215 с.
6. Тантыбаева Б.С. Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында
студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің үлгісі. –
http://startinfo.kz/buisness/shoo-studentt-oky-is-areketti/ Пайдаланған уақыты:
10.01.2019 ж.
______________________________________________________
Тапишев М.С., Жумагалиев И.К.
ОРГАНИЗАЦИЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ - ОСОБАЯ
ФОРМА ОБУЧЕНИЯ, ФОРМИРУЮЩАЯ У СТУДЕНТОВ ИНТЕРЕС К
ЗНАНИЯМ В ВУЗЕ
В данной статье говорится о том, что одной из кардинальных изменений в
современной системе высшего образования является внедрение кредитной
технологии обучения в учебный процесс. Одной из главных задач данной
технологии является повышение уровня самостоятельной работы студентов.
210