БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 209

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Жоғарыдағы 1 - ші суретте өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мақсатындағы құрылым нәтижесінде мотивациялық-құндылылық, мазмұндық, нәтижелік-бағалау компоненттердің өзара байланыстылығын тұтастай ескере отырып, осы құрылымның өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретіні көрсетілген. Осы өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру құрылымды сабақ барысында әрдайым пайдаланып отырса, оқытушының да педагогикалық шеберлігі де артып, жоғары деңгейге қол жеткізуге болатыны сөзсіз [1]. Б.С. Тантыбаеваның жоғары оқу орындарында СӨЖ ұйымдастыру тәжірибесі мен осы мәселенің әдебиет бетінде берілуін талдай келе кредиттік жүйе жағдайында пәнді тереңдетіп оқытудағы студенттің өзіндік жұмысы мен студенттің оқытушы қатысындағы өзіндік жұмысының жалпы үлгісі құрылды. Үлгі дегеніміз – қандай да бір процестің құрылымы мен әрекетін бейнелеуші сұлба. Үлгілеу – ғылыми зерттеулерде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Үлгілеуді құбылыстарды, үрдістерді немесе нысандар жүйесін үлгісін құрып зерттеуде кең қолданады. Үлгі зерттеу нысанын бейнелеп немесе қайта жаңғыртуда ойша елестетуге болатын жүйе ретінде қолданылып, зерттеу нысаны жайлы жаңа ақпарат береді Үлгілеудің негізгі қағидалары келесідей: көрнекілігі, шыншылдығы, анықталғыштығы. Үлгіні құрудың негізгі кезеңдері: – үлгіні құру; – теориялық қатынастарды, аналитикалық көріністер мен байланыстарды тұжырымдау; – үлгі параметрлерін бағалау; – сандық болжамдар алу; – үлгінің өзін нақтылау. Осы аталған шарттар толық сақталғанда ғана үлгілеу зерттеудегі эмперикалық пен теориялықты біріктіруге жағдай жасайды. Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында пәнді тереңдетіп оқыту бары- сындағы студенттің оқытушы қатысындағы өзіндік жұмысы мен студенттің өзіндік жұмысы студент дербестігінің қалыптасуына, дара тұлғаның өзіндік дамуының жалпы үрдісіне әсерін тигізеді. Дара тұлғаның үздіксіз психологиялық қайта құрылуы жүріп, нәтижесінде өзін-өзі билеу, өз ойын ашық айта алу, өзін-өзі реттеу сияқты қасиеттер мәртебесі өседі. Пәнді тереңдетіп оқыту барысында студенттердің бойында ғылыми- материалистік көзқарас қалыптасып, пәннің қыры мен сырына толығынан қанығып, жалпы зияттылық даму дәрежесі жоғарылайды. Оқытушы мен студенттің ынтымақтастығы жарасса, оқытушы пәнді терең білім беруде кеңесші, ұйымдастырушы, оқу жұмыс бағдарламасын, бақылау тапсырмаларын құрушы, студенттің білім-білік, икемділік, дағдысының қалыптасуын бақылап, біліміндегі олқылықтарды түзетуші рөлінде, ал студент дербес, өздігінен ұйымдасқан, оқуға, білім алуға, шығармашылығын дамытып, ізденуге қабілетті, тереңдетілген білімді қабылдаушы жан ретінде көрінеді. Cтудент пен оқытушының қарым-қатынасы даралық-гумандық жағдайда қалыптасуы ынтымақтастықтың негізі болып есептеледі. 208