БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 208
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
дайындау жатады. Сабақтың түрін таңдап алғанда тақырыптың мазмұнын,
студенттердің дайындық дәрежесін, материалдық базаны, оқытушының
мүмкіншілігін, оқулықтардың, көмекші оқу құралдарын т.б. есепке алу керек.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда тәрбиелеушілік, дамытушылық,
ұйымдастырушылық,
психологиялық,
басқарушылық,
санитарлық-
гигиеналық, этикалық және т.б. талаптар қойылады. Олар студенттердің
қызығушылығын, ықыласын ескере отырып сабақты өткізуге қажетті
жағдайды қамтамасыз ету, студенттердің барлық аясын дамытуға
себептендіру және белсендету жұмысын жүргізу, пәрменді қадағалауды және
басқаруды қамтамасыз ету, педагогикалық әдепті сақтау, студенттермен
қарым-қатынасты, бірге іс-әрекет жасауды жоғары дәрежеде жүргізу,
олардың дамуында жаңа сапалы өзгерістерді жүзеге асыруды
ынталандырады.
Сонымен қатар Р.Б. Исмаилованың аталмыш тақырыпқа сай зерттеуінде
СӨЖ кезінде әртүрлі кезеңдегі педагогикалық көзқарастарына сүйене
отырып, кәсіби бағыттылықты қалыптастыратын өзіндік жұмыстардың
компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері және өзіндік жұмысты
ұйымдастырудың прициптері, орындау формалары, түрлері, әдіс-тәсілдерін
саралау негізінде «Өзіндік жұмыстар арқылы студенттерге кәсіби бағыт
берудің мазмұндық құрылымы» жасалды (сурет 1).
207