БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 207
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
аймағында, лабораториядағы жұмыстар және т.б. Оқыту жұмысын
ұйымдастырудың қосымша формалары бар: дәріс, семинар, пәндік үйірмелер,
өзіндік жұмыстар, оқытудың жекелік формасы.
Ю.К. Бабанскийдің жіктеуі бойынша оқыту әдістері үлкен үш топқа
бөлінген: оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың және жүзеге асырудың
әдістері, оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандырудың және себептендірудің
әдістері, қадағалаудың және өзін-өзі қадағалаудың әдістері.
Бүгінгі күні бүкіл дүниежүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ,
жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық
сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өзіндік
жұмыстарына уақытты көбірек беру болып табылады. Сабақ беру оқыту
мақсатын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді
ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін оқытушылардың
тәртіпке келтірілген іс-әрекеті. Студенттің өзіндік жұмысы – бұл білім беру
кезіндегі дидактикалық тапсырмаларды орындау үрдісінде, білуге
қызығушылығын қалыптастыратын және белгілі ғылым саласы бойынша
білімін толықтыратын ерекше оқыту түрі [4].
Өзіндік жұмыстың мақсаты – оқу үрдісі нәтижесінде алынған білімді
толықтырып, оны практикада қолдану. Қазіргі сабақтарға қойылатын
талаптарға ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат
тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие үрдісінің заңдылықтарының
негізінде құру, студенттердің қызығушылықтарын және сұраныстарын ескере
отырып, өнімді танымдық іс-әрекетке тиісті жағдайды қамтамасыз ету,
оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалылығы және
эмоционалдылығы, әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалау
және жоспарлау қажет. Оқу үрдісі кезінде студенттердің өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыру өзара байланысқан мына формаларды құрайды, атап айтқанда
аудиториялы өзіндік жұмыс, оқытушының қадағалауымен өткізіледі;
аудиториядан тыс өзіндік жұмыс; шығармашылық, соның ішінде ғылыми-
зерттеу жұмысы.
Аудиториялы өзіндік жұмыс кезінде студенттердің оқу-материалдарын
меңгеруі экспресс-сұрақ-жауап арқылы бақыланады. Студенттердің өзіндік
жұмыстары сабақтарын көбінесе пәнаралық байланысқа негізделген
интегралды сабақтар, жарыс, ойын формасындағы сабақтар: байқау, іскерлік
немесе рөлдік сабақтар, аукцион, мемелекеттің және ұйымдардың іс-әрекетін
имитациялауға негізделген сабақтар, экскурсия, жорық, сабақтан тыс
дәстүрлі формаларды сабақ шеңберіне енгізу, көңілді тапқыштар клубы және
т.б. жүргізуге болады. Сонымен қатар сабақтың мақсатына қарай
баяндамалармен мәнжазбаларды талқылау, пәннің өтілген бөлімі бойынша
қорытынды сабақтар, арнайы семинарлар өткізу, өзекті мәселелер бойынша
сұхбат өткізу болып табылады [5].
Ал аудиториядан тыс өзіндік жұмыстың түрлеріне оқу құралдарын,
әдебиеттерді жүйелі түрде оқу және конспектілеу, арнайы пәндердің
бөлімдерінен мәнжазба жазу, курстық жұмысты жазу және оған материалдар
жинау, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға дайындалу, оқу
бағдарламасының өзекті сұрақтарын өз бетімен тереңдетіп оқу, студенттердің
ғылыми қоғамының зерттеу жұмыстарының нәтижесін, алынған
экспериментальды мәліметтерді өңдеу және талдау, сызба диктанттарды,
сөзжұмбақтарды, көрнекі құралдарын, макеттерді және муляждарды
206