БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 206
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
орындауда, оның сан алуан түрлері мен формалары бойынша біршама
қиыншылықтарға кездеседі. Соның салдарынан, оқып-үйренушілер оқу-
тәрбие жұмыстарына, өзіндік жұмыстарға енжарлық танытып, оқу
үлгерімдерінің төмен болуы орын алады.
Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып
табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы
халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. Ғасырда білімін
дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашағымыздың
жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін жас
мамандар қорын жасақтауымыз қажет. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы
әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс,
оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі [1].
Педагогикалық технологияның баяндалуы жалпыға бірдей түсінікті әрі
қайта жаңғыртуға жарамды болуы үшін арнайы жолмен құрылымданған болу
керек. Оны оқытушылар қолданып аз уақыттың ішінде жақсы нәтижеге және
алға қойған мақсаттарына жете алатындай болғаны жөн. Ал мұндай
мүмкіндікке жеткізетін педагогикалық жүйелер теориясы. Себебі
педагогикалық жүйе оқу-тәрбиелік процесті меңгеру мен ұйымдастыруды
жан-жақты көрсететін құрылым.
Осылайша оқытудың кредиттік технологиясы, кез келген басқа оқыту
технологиясы сияқты, қөп мақсатты педагогикалық жүйе ретінде,
педагогикалық бақылаудың жалпы дидактикалық ұстанымдарға бағынып,
осы жүйенің элементтері аралығындағы барлық байланыстарды сипаттайтын
нақты құрылымды болуы қажет.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студент білімді өз бетімен,
өзіндік жұмыс барысында, оқытушы басшылығымен немесе оқытушының
тікелей көмегінсіз қабылдайтынын білеміз.
Жоғары оқу орындарында студенттің өзіндік жұмысын және оқытушымен
өзіндік жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау – толық талдауды,
ой елегінен өткізуді, теорияландыруды қажет ететін мәселе. Көш басында ең
алдымен оқытушы мен студенттің ынтымақтастық қарым-қатынасы мен
студенттің дербестілік сипатының даму процесі көрінеді [2].
Жоғары оқу орындарында білім беру жүйесін жаңаша жолға қою
мақсатында, оқытудың әдіс-тәсілдерін бүгінгі уақыт талабына сай зерттей
отырып, дамыту, жандандыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, кезек
күттірмес мәселе болып табылады.
Оқытудың ұйымдастыру формалары белгілі бір тәртіпте және режимде
жүзеге асырылатын, оқытушымен студенттердің келісілген іс-әрекетінің
сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің
дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі. Қазіргі уақытта
оқыту әдістерінің бірнеше жіктелуі бар. Білім көзін жалпы белгі ретінде алып
оқыту әдістерінің классификациясы жасалған. Бұрыннан келе жатқан басты
көздердің саны үшеу болды: практика, көрнекілік және сөз. Мәдениет
прогресінің барысында кітап қосылды, ал соңғы жылдары қағазсыз ақпарат
көзі – жаңа компьютер жүйелерімен қоса видео қосылды. Бұл жіктелуде бес
жалпы әдіс бөлінеді: практикалық, көрнекілік, сөздік, кітаппен жұмыс және
видеоәдіс. Бұлардың әрбіреуі әртүрлі модификацияда бола алады [3].
Оқытудың ұйымдастыру формалары әртүрлі өлшемдер бойынша
жіктелінеді: бұқаралық, ұжымдық, сабақтар шеберханада, тәжірибе
205