БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 205

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. ӘОЖ 37 062 3 Тапишев М.С. – экология магистрі, аға оқытушы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті E-mail: [email protected] Жумагалиев И.К. – ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті E-mail: [email protected] ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ – ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ЕРЕКШЕ ОҚЫТУ ТҮРІ Аңдатпа. Бұл мақалада қазіргі кездегі жоғары білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістердің бірі оқытудың кредиттік технологиясын оқу үрдісіне енгізу туралы жазылған. Аталған технологияның басты міндеттерінің бірі студенттердің өзіндік жұмысын жоғары деңгейге көтереді. Ақпараттандыруды кең пайдаланып, студенттердің шығармашылық деңгейін кеңінен қолдануына жағдай туғызу жайында мәліметтер берілген. Тірек сөздер: студенттің өзіндік жұмысы, кредиттік оқыту технологиясы, конспект, баяндама, ойындар, эссе, мәнжазба, үлгі. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді. Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мектептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог- психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген. Оқытушы оқыған кез келген дәріс тақырыбы студентке түсінікті бола бермейді. Оның себептерінің бірі – студенттің басты қызығушылық объектісі – мамандық алу. Ал, оқылған дәріс оның болашақ мамандығымен байланыссыз болса, оны игеруге құлқы болмайды. Онымен қоса, оқу процесінің бастапқы кезеңдерінде, студенттерде қойылған проблеманы шешуге қажетті өзіндік жұмыс істеу дағдылары әлі толық қалыптаспайды. Сондықтан, оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде оқытушы тек проблема қою ғана емес, оны шешу жолдарына студенттерді баулуы тиіс. Бұл орайда, СӨЖ рефарат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындауға ықпал етуі қажет. Көптеген психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде ЖОО студенттері оқу процесіне бейімделу жағдайында өзіндік жұмыстарды 204