БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 195

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. қолданылады. Әсіресе, музыка сабағын оқушының жан – жүрегіне әсер ететін бағытта жүргізуге болады. Әртүрлі сабақта сыныптағы оқушыларды түгел қамтып, олардың деңгейін байқауға мүмкіндік болмайды. Ал, ойын ұйымдастыру, топпен жұмыс істеу арқылы жоғарыдағы әдістер оқушылардың сабақ сайын даму үрдісін байқауға мүмкіндік тудырады, қызығушылықтарын оятады. Осы өзекті мәселелерді шешуде түрлі тәсілдер арқылы бастауыштың әр сыныптарында оқушыларға қазақтың халық әндері мен күйлерін, халық композиторларының шығармаларын тыңдату қажет. Құстардың дауыстарын үнтаспадан тыңдатарда ойын түрінде ұйымдастырса қызығырақ болар еді. Мысалы, алдарына үйшік макетін қойып, ол жәй ғана үйшік емес, дыбысталатын айта отыра, ішіндегі үнтаспадан құстардың дауыстарын естірту арқылы. Сабақ тақырыбына байланысты мақсаты мен міндеттері анықталады. Мысалы, музыка тыңдатудың мақсаты - тыңдап, қабылдай білуге дағдыландыру, есту қабілетін арттыру. Сонымен қатар, би өнері немесе ойын арқылы балалардың ырғақты сезінулерін, есту қабілеттерін қалыптастыру, дамыту. Сабақта ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушыларды білім алуға, еңбектене білуге даярлайды. Білім алуда іс-әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс жасауға, ізденуге, таңдау, тыңдауға үйренеді. Ойын түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сол үшін де мұғалім ескі дәстүрлі сабақтан арылып, ең озық тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін пайдалануы қажеттігі туындайды. Бірқалыпты сабақ беру оқушыларды зеріктіреді. Бұл жағдайда шығармашылыққа жол жоқ. Музыкалық тәрбие беру мектепте әртүрлі үйірмелерді құру арқылы да жүзеге асырылады. Мектептердегі хор, оркестр, жеке аспаптар, жеке әншілік және т.б. музыкалық үйірмелерге қатысуға деген оқушылардың музыкалық дарынына қоса ықыласы мен ынтасы болуы керек. Үйірмелерде қазақтың ұлттық музыкалық өнеріне, мәдениетіне деген қызығушылықты дамытуды және музыка сабағында алған білімдерін толықтырып, оларды әрі қарай өнер биігіне жетелеуді қажет етеді. Музыка сабағы және сыныптан тыс шаралардағы әртүрлі әдістер арқылы оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын кеңірек насихаттай түсу негізгі мақсаттардың бірі болмақ. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. – 2004. – № 520. – Б. 5. 2. Балтабаев М.Х. Қазақ халық музыкасы және студент-жастар. – Алматы,1991. – 151 б. 194