БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 194
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
дамытыла түссе. Осылай тапсырма беруді әдетке айналдырып, оқушылардың
қабілеттерін, үй тапсырмасының орындалу барысында үнемі қадағалап
отырғанда ғана оқушылардың қайсысының бойында қандай қасиет бар
екендігін байқап, болашақта әр баланы қай салаға қарай бейімдеуіміз
керектігін білеміз.
Неғұрлым музыканың ұлттық тілі айқын болса, неғұрлым сол төлтума
тілге тыңдаушының құлағы қанық болса, яғни музыканың ұлттық тіліне
жүйрік болса, соғұрлым музыка мен тыңдаушы арасындағы сезімнің тілі бай
болмақ. Қайнар бұлақтың көзін ашқандай мұғалімнің жүйелі түрде білім
беруі арқылы баланың бойындағы сан алуын қабілеттерін дамытуға болады.
Өнер пәндерін ойын элементтерімен байланыстыру ерекшелігі - сабаққа
деген қызығушылықты, назар және ойлау қызметін жандандыруға, бекітілген
оқу материалдарын тиімді меңгеруге, қабылдауға, ептілікке, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, бастауыш
сыныптардағы музыка сабағында әуеннің қатты, жәй, орташа естілуін әртүрлі
түстегі қима қағаздарды көрсету немесе басқа да ойын түрінде ұйымдастыру
оқушыларды сезімталдыққа, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдай білуге
жетелейді. Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін
арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік
меңгеруге үлкен әсер етеді.
Әрине, қазіргі кезеңдерде ғаламтор мүмкіндігін пайдалана отыра ұлттық
музыканы көрнекілікті слайдтармен көркемдей жан-жақты түсіндіре отыра
тыңдатуға болады. Мысалы, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша
1сыныптағы "Қатты және ақырын" дыбыстар деген тақырыпты ашуда
музыка мұғалімі оқушыларға дыбыс туралы түсінік бере отырып, олардың
ерекшеліктері жөнінде ақпараттандыру, алған ақпарат бойынша сөз және
дыбысты айыра біліп, оларды талдай алуда қосымша мәліметтермен
толықтыру, өз бетімен жұмыстануға мүмкіндік жасау, алған ақпаратты
өмірде қолдана білу, білімге құштарлығын арттыруды мақсат етеді. Бір
сабақтың өзінде мұғалім ұлттық музыка, ұлттық музыкалық аспаптардың
дыбысталуы, құстар дыбыстары, табиғат көріністерімен байланыстыра сабақ
тақырыбын жан-жақты ашуға тырысады:
- Балалар, айтыңыздаршы, қандай қатты және қандай жай дыбыстар
болады?
- Біз қандай әндерді қатты айтамыз?
- Қандай әндерді жай айтамыз? (Бесік жырын айтамыз, тыңдатамыз).
- Балалар енді суретке назар аударайықшы. Мына суреттегі аспаптардың
қайсысын білеміз? Ал, осы аспаптардың қайсысы қатты, қайсысы ақырын
дыбыстар шығарады?
-
Өте дұрыс! Мына суреттерден не көріп отырмыз?
-
Ия, балалар құстар қоршаған ортада да түрлі дыбыстар болып жатыр.
-
Қандай құстарды білеміз? Қарға, қарлығаш, сауысқан, тоқылдақ т.б.
Өте жақсы! Олар қалай дыбыстайтынын тыңдап көрейік.
-
Енді балалар, біз «Әлди, бөпем» халық әуенін ақырын дауыспен
орындай отыра үйренеміз.
Бұл орайда, бағдарлама көлемімен шектеліп қоймай, дүние жүзілік
алдыңғы қатарлы педагогикалық әдіс – амалдарды оқып үйрену, оны
пайдалану қажет. Ол үшін оқушыны ойлауға үйрету, өз ойын дәлелді түрде
жеткізе білуге, бір – бірінің пікіріне сыйластықпен қарауға арналған әдістер
193