БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 193

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. шығарма орындауға немесе суырып салма ақындық өнерлерін байқатуға немесе музыка тембрін әртүрлі бояулар арқылы, музыканың көңіл-күйі мен сипаттамасын сызықтар және формалар арқылы жеткізуге болады. Музыка сабағында ұлттық музыка әуендерін тыңдау үнi адамның тiлi жетпейтiн iшкi жан дүниесiндегi ойын жеткiзiп, айнала әсемдiк әлемiн аялап қорғауға нәзiк сезiммен, көңiл-күйiн түсiнуге тәрбиелейдi. Шығарманың негізгі түйіні өмірдегі құбылыстармен, адамдардың сезімдерімен байланысып, астасып жатады. Оқушылар әртүрлі ұлттық музыканы тыңдай отырып, олардың тек жанрлық ерекшелігін анықтап қана қоймай, білгілі бір шығарманың мазмұнын жеткізу үшін халық әуенінің немесе халық композиторының қандай құралдарға жүгінгендігін әңгімелей білуі тиіс. Мысалы, әуеннің желісі, ырғақ-өрнегі, екпіннің ауысуы, саздың өзгеруі, динамикалық белгілері т.б. Музыканы ұғыну музыкалық қабілеттің көрінісінің ішкі мәні. Әйгілі музыкант Г.М.Коган былай дейді: «Қандай мәдениет болмасын, оның негізінде ұғыну мәдениеті жатыр. Ол дамыған немесе жоқ жерде ешқандай мәдениет болуы мүмкін емес. Оқи алмайтын жерде – жаза алмайды, тыңдай алмайтын жерде – орындай алмайды» [2, 181 б.]. Музыканы саналы түрде қабылдау күрделі үрдіс. Сондықтан, «Өз сорпасында қайнаған ас тәтті», - демекші, ең алдымен ұлттық музыкалық мұраларымызды бүгінгі күні қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана музыка мұғалімдері оқушылардың ұлттық сана сезімдерін оятуға, бағдарламаларға сәйкес музыка сабақтарында, сыныптан тыс іс – шараларында ұлттық музыка тілін жан – жақты түсіндіруге тырысады. Егер, қазақ ән-күйлерінен желдің гуілі, судың сылдыры, орманның шуылы, торғайдың шырылы, жылқының дүбірі, соғыстың дүмпуі сияқты нышандар сезілсе немесе ырғағы байқалса, бұл өмір туралы ой – талғамға бастайтын сыртқы белгі ғана. Күй – мыңдаған ұлт, ұлыстардың ішіндегі тек қазаққа ғана тән өнер. Әрине, күй өнерінің бейнелеу құралы сөзсіз дыбыс болғандықтан, тыңдаушысын ең алдымен әуендік, дыбыстық тілімен баурайды. Күй тыңдай білетіндер күйдің әуендік, дыбыстық тілін іштей жорып, алуан түрлі сезім мен әсерге бөленеді. Мысалы, Ілияс Жансүгіров айтқандай, күй «сыбырлайды», «мұңаяды», «толғанады», «зарланады», «бұрқырайды», «сарнайды", «ақтарылады», «сылдырлайды», «күмбірлейді», «маймаңдайды», «былқылдайды», «дүбір салады», «маужырайды», «қарғиды», «ағады», «асқақтайды», «шырқайды», «сілтейді», «дауылдатады», «нөсерлетеді», «қайнайды», «сарғайтады», «өртейді», «күйдіреді», «аңырайды», «боздайды», «тербейді» [3, 4 б.]. Бұл мысалдан музыканың, оның ішіндегі күйдің де сезімдік тілі өмір өзеніндей шексіз екендігін түсінуге болады. Айталық, табиғатқа байланысты туындаған күйлерге тоқталғанда оқушыларға сурет салдыруға болады. Музыка сабағындағы тыңдаған әр күйлерін оқушылардың өздерінің түсінгендерін, көз алдына елестеткендерін музыканы талдау кезінде тиімді сұрақтар беру арқылы толықтыра түсу қажет. Сабақ соңында қайталап тыңдау, оқушылардың өз қиялын нақтыландырып тиянақты түсінік берулеріне мүмкіндік туғызады. Осы тыңдаған музыкалық шығарманың әуенін еске сақтап, көз алдына елестеткен түсініктерін кім қалай бейнелей алады, сол бойынша суретпен бейнеленді әңгімелеу, өлең шумақтарын құрастыруға, мүсіндеуге болатындығын үйге тапсырма беру арқылы 192