БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 192

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. үлкен көмегін тигізеді. Бұл жерде аса бір суретші болудың қажеті жоқ, кейде бояулар түстерін музыка әуенінің желісімен орайластыруға болады. «Музыкалық викторина». Оқушылар тыңдаған музыкалық шығармаларын естерінде сақтау үшін немесе сол шығарманы терең жете түсін үшін қайталаудың орны бөлек. Ол үшін түрлі музыкалық викторина ұйымдастырға болады. Мақсаты: тыңдалған шығармаларынан үзінді тыңдатып, оны бірден ажыратуға дағдыландыру. «Қалай айтуды білемін» атты ойыны да қызықты. Ол шағын 4 әннен тұрады (сұрақтары: кім қалай дауыстай біледі? малдың төлін емізуге шақыру; малдың төлін былай атайды). Ойын барысында ойынға қатысушылар әрбір жүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, жан-жануарлардың мінез- құлқын, олардың сыртқы көрініс, олар шығаратын дыбысты айнытпай салып беруі тиіс. Ал, мұның өзі байқампаздықты, тапқырлықты, табиғат құбылыстарынан хабардар болуды талап етеді. Ойын аздап театрландырылып, ойын-сауық түрінде өтеді. Бейнелі ән-жыр айта білу, көрген-білгеніне, есте сақтай білу қабілетіне мән береді. «Аңдардың айтысы» атты ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілі бір әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымды, музыкалық және әртістік қабілетті, жеке және топтасып ән айта білу дағдысын жетілдіреді. Мұндай ойындар халықтың педагогикада өте көп және мазмұндары, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, қызықты. Олар «Алақан соқпақ», «Тартыс», «Соқыр теке», «Айгөлек» және т.б. Ойнау арқылы балалар түрлі шығармаларды, әндерді тыңдай және орындай алады, әуенді шығара (жаза) алады (музыканы олар ертегі, аңыз, мультфильм, ойыншықтар, хайуанаттар арқылы тез қабылдайды). Ол үшін балаларға музыкалық сауаттың негізін үйрету, көрсету керек: ноталар атаулары, ұзақтықтары, заңдылықтары т.б. Айталық, сабақ үстінде музыка мен бейнелеу пәндерін кіріктіре оқыту арқылы жүргізілген әртүрлі музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерде оқушыларды әрі қарай ынталандыра түсе, өз ойларын жеткізуіне және жұмыстарын көрсетіп, ұсынуына жағдай жасау көзделеді. Музыкада музыкалық дыбыс арқылы жүзеге асырылады, ал бейнелеу өнерінде визуалды болып табылады. Мысалы, берілген музыкалық шығарманы тыңдағаннан кейінгі әсерлерін түрлі бояулар түсімен келтіру тапсырмасын орындатуға болады. Музыка әуенінің мұңды немесе көңілді екендігін бастауыш сыныптардан оқушыларға қазіргі кезеңдерде қолданыстағы смайликтердің қолдана отырып түсіндіру естеріне сақтауға көмектесері сөзсіз. Түрлі смайликтерді пайдаланып ойын түрінде ұйымдастыру арқылы қызығушылықтарын арттыра түсуді мақсат етуіміз қажет. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын мазмұнын құрастырады. Музыка пәні бойынша оқу бағдарламасында музыка мен бейнелеу өнерінің бірігуі оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызады делінген. Мысалы, суретшінің туындысынан шабыттанып, музыкалық 191