БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 191
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Жалпы сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген сабақ,
саяхат, аралас сабақ түрлерін жиі өткізу әдетке айналғаны жөн. Заман
талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық
байланысқа үнемі көңіл бөлу қажет. Мысалы, жаңашыл педагогтардың бірі
Ш.Амонашвилидің әдісінде дидактикалық ойындарға аса мән беріледі.
Ойындар баланың танымдық ынта-ықыласын күшейтіп, оқытудың қиын
үрдісін жеңілдетудегі рөлі зор екендігін айтады. Ойын түрін оқу үрдісінде
жаңа сабақты пысықтау, қорытындылау, қайталау бөлімдерінде пайдалану
тиімді [5, 13 б.].
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі. Сонымен бірге
ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара
байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ойын деген аты ғана,
ал шынында ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын - педагогикалық
жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Ойын материалдары оқушыларға музыкалық тәрбие беру жөніндегі мектеп
бағдарламасы, жас ерекшеліктеріне сай талаптарға тығыз байланысты болуы
қадағаланады. Мысалы, балалар әні
«Баспалдақ»
бірінші сынып
оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай үйретіледі және соған сәйкес
өзіндік мақсат қойылады.
Мақсаты: дыбыстың қай бағытта және дыбыстың биіктігін анықтау.
Көрнекілігі: екі төртбұрышты кәртішке, онда бес басқышты баспалдақ
суреттеледі. Бірінші кәртішкеде басқышпен көтеріліп келе жатырған қыз
суреті болса, ал екінші кәртішкеде түсіп келе жатырған суреті.
Қолданылу әдісі: «Баспалдақ» әнімен танысып болғаннан кейін, мұғалім
фортепиано немесе баян аспабында ойнап, кәртішкідегі суретпен
байланыстыра балалардан қыздың баспалдақпен жоғары немесе төмен түсіп
келе жатқанын сұрайды. Соған сәйкес суреттейтін кәртішкені көрсетеді.
Әрине, қарапайым болғанымен балалардың музыка әуенінің төмен, жоғары
көтерілуін
естеріне
сақтауын,
ең
бастысы
музыкаға
деген
қызығушылықтарын оятуды мақсат етеді.
«Ырғақты сүйемелдеу» ойынына көңіл бөлсек. Оқушыларды екі топқа
бөліп, бірінші топ әнді орындайды, ал, екінші топ ақырын шапалақпен белгілі
ырғақты соғады. Мұндай «аккомпонимент» әннің ырғағын тез үйренуге
көмегін тигізеді және әуенге жаңа өң береді.
«Оркестр» ойынына қатысу үшін оқушыларға алдын-ала дайындалған
музыкалық аспаптар таратылады (тұяқтас, сылдырмақ, ағаш қасықтар және
т.б.). Бұл аспаптарды балалар үйлерінен де алып келуге болады. Үнтаспадан
музыканы тыңдау арқылы, оқушылар ырғақты соға бастайды және басқа да
оркестрде кездесетін аспаптарды қимылмен келтіру арқылы музыканы
тыңдайды. Бұл «оркестр» ойынын ойнаған кезде шығарманың көңіл күйін
келтіре білгені маңызды. Мысалы, көңілді-мұңды, қатты-ақырын, нәзік-
үрейлі. Бұл ойын тыңдаған музыканың көңіл-күйін ажыратуға және әуенді
тез жадында сақтауға септігін тигізеді.
«Сурет салу» ойыны.
Қандай да бір күйді тыңдатар алдында оқушыларға мынандай
тапсырмалар беруге болады: балалар, егер сендер композитор болсаңдар,
мына күйді қалай айтар едіңдер?
Күйді тыңдап болған соң, осы күйдің желісі бойынша көз алдарыңа
елестету арқылы суреттер салғызу. Бұл ойын баланың қиялын дамытуға
190