БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 190
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет. Ұлттық өнерге оқушыларды
жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс
қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін
тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады. Оқушылардың әсемдікті
түсіне білу қабілеттерін арттырады.
Ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын ең басты құндылықтардың бірі –
музыка. Музыка – тіл, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, барлығын өз бойына
жинаған ұлттың жаны [4, 28 б.]. Ұлттық музыка болашақ ұрпақтың
болмысын, санасын қалыптастыратын құрал. Музыка арқылы тәрбиелеуде
оқушыларды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың
бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды,
шығармашылық қабілетті дамытуда музыка пәнінің орны ерекше.
Музыка мұғалімі өз сабақтарында заман талабына сай инновациялық
технологияларды кеңінен пайдалана отыра, сабақ өткізудің жаңаша үлгілерін
жан-жақты қарастыруы керек. Бұл орайда:
- нені оқыту керек;
- қалай оқыту керек;
- не үшін оқыту керек екенін музыка мұғалімі өте жақсы түсінуі қажет.
Біріншіден, оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың
бойында музыка өнері арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сондықтан, білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру
бағдарламасы талаптарына және жаңашыл музыка мұғалімдері идеяларына
сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру.
Екіншіден, оқытуда оқытумен тәрбиелеуді заман ағымына сай, әдістерді
жаңарта тиімді пайдалану.
Үшіншіден, қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді
қатысуға даярлау.
Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің
кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады. Кез-
келген түрі деп отырғанымыз – музыка тыңдау, хормен ән айту, музыкалық
білімділігін арттыру, нота сауаты, ырғақтық-музыкалық қимылдар, балалар
аспабында ойнау, музыка сабағындағы балалар шығармашылығы. Музыканы
дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу, оның заңдылықтары музыка мұғалімінің
басты назарында болуы тиіс. Ойын элементтерін пайдалану оқушылардың
музыканы тез ұғып, қабылдауына септігі тиері сөзсіз.
Әдіс – алға қойған мақсатқа жетудің жолы десек, тәрбие әдістері - тәрбие
міндеттеріне жету үшін жасалған музыка пәні мұғалімі мен тәрбиеленушілер
ұжымының өзара байланыс әрекеттерінің жолы. Егер, тәрбие әдісі дұрыс
таңдалып алынса, дұрыс пайдаланылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап
әрекеттері арқылы тәрбие міндеттерін шешуге ықпал етеді. Олардың санасы
дамиды, сезімі баийды, мінез-құлқы, қажетті әдет-дағдылары, іскерліктері
қалыптасады. Сонымен, оқушыларды тәрбиелеу әдісі - оқушылар мен
музыка пәні мұғалімі өзара байланысты әрекеттерінің күрделі кешені. Әрбір
әдіс оқушылардың сезіміне, санасына ықпал ететін музыка пәні мұғалімінің
қолындағы құрал ретінде көрінеді.
Оқушылар сабақтарда ақпараттық құралдардан естіген әндерін айтуға
құмар келеді. Музыка сабағы үнемі тақырыптар мазмұнын аша алатындай
шығармалармен толықтырылып отыруы қажет.
189