БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 189
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді.
Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп,
келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты
болуы тиіс» - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның
мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын [1, 5 б.].
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақталған озық тәжірибе мен ізгі
қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым
– қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез –
құлқын қалыптастыру деп білеміз. Қазақтың көрнекті қайраткерлерінің бірі
Ж. Аймауытов тәрбие жөніндегі өз ойларында: «Баланы бұзуға, яғни түзеуге
себеп болатын бір шарт жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке – шешенің
тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата – ананың берген тәрбиесі баланың
мінезіне салған ізге байланысты... » [3, 4 б.].
«Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі», - деп, қазақ халқы ерте
кезеңдерден бала тәрбиесіне
көңіл бөлген. Оның айғағы тәрбиеге
байланысты туындаған нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, өсиет, асыл ойлары
ұрпақтан – ұрпаққа жетіп, бүгінгі күнде де қасиетін жоғалтқан жоқ, мысалы:
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей. Бүгінгі күнде
кейбір ата-аналарымыз балаларына соңғы жетістіктерді алып беріп,
киіндіруді мақсат етіп, тәрбие жұмысы өте жеңіл және кез-келгеннің
қолынан келетін іс деп ойлайтындары да бар.
Әрине, бұл қате пікір, адам тәрбиесі күрделі де қиын іс. Ол күнделікті су
ғана құйып қоятын гүл емес. Адам тәрбиесі – үлкен шеберлік пен білімділікті
талап ететін маңызды іс. Салиқалы, адамгершілігі мол адам өзінің бала
тәрбиесіне, олардың мінез – құлық пен жүріс-тұрысына жете көңіл бөліп,
соның жолында еңбек етеді. Балалық шақ - адам өмірінің қайталанбас
ерекше шағы. Бірақ, оған бала деп қарамай, тәрбие беруді ертерек қолға алған
жөн. Отбасынан көрген тәлім – тәрбиесі өміріне жолдама болмақ. Жүрегінде
иманы бар адам ешқашан жамандыққа бармайды. Өтірік, өсек айтпай, ұяттың
не екенін, жанашырлық пен аяушылықтың не екенін, үлкенге құрмет пен
кішіге ізеттің қандай екенін әрқашан да біліп отырады. Мысалы, адам
күнделікті үш мезгіл асын ішуге тырысады және ұмытпай уақытында ішеді.
Жанды да осылайша әртүрлі имандылық, патриоттық сезім, адамгершілікті
оятатын шығармалармен азықтандыру қажет.
Көрнекті педагог, композитор Д.Кабалевский былай деп жазады:
«Музыкаға деген қызығушылық, музыкамен әуестену, ұнату – оның, ғажайып
сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және
танымдық рөлін атқара алатын болады. Ал, музыкаға қызықпаған, онымен
айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім және тәрбие берем деу – бос
әурешілік. Ал, музыканы ұнату, оған қызығу сезімдері балалар музыкалық
өнердің нағыз көркем үлгілерін сезінгенде ғана пайда болмақ». Музыка өнері
әрбір баланың әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға
және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Сондықтан,
мектепте де әрбір оқушыны қызықтыра отыра өнерпаздыққа тарту қоғамның
объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Музыка өнерінің
сезімге әсері ерекше [2, 180 б.].
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның
таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру,
нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы
188