БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 177
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
шығармаларында нақытылық, ықшамдылық, ойнақылық, тереңдікті
бейнелейді.
Ақтамберді жырау – шығармалары нақыл сөздерге толы. Ел мүддесін
қорғауға, елді бірлікке, ерлікке шақыра білді. Өз жырларында халықтың ой
арманын, мақсат-мүдделерін, болмысын дүниеге өзіндік көзқарас арқылы
аңғарта білді. Елі үшін еңіреген ерлердің бірі – Ақтамберді жырау
шығармалары негізінен нақыл, аффоризмдік толғауларға толық келеді.
Халқымыздың тіршілік тынысы мен кәсібі, мінез-құлық ерекшелігі, ақынның
жастарға айтар өсиеті, өмірге деген көзқарасы оның толғауларынан айқын
көрінеді. «Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады»- деп
бағалаған жырау:
Жігіт жанды бұласа!
Ел шетіне жау келсе
Алдыңа, сірә, дау келсе
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса! – деп жігіттің жігіттігі өлім мен өмір белдескен қан
майданда сыналмақ дегенді меңзейді. Қол бастаған батыр соңынан ерген
сарбаздарына:
Жалтыра шапсаң жау қашпас,
Жауды аяған бет таппас
Уа, жігіттер жандарың
Жаудан аяй көрмеңіз… деп ұрандайды «Халық үшін жан пида» деп қол
бастап жүрген батыр елінің бас бостандығы үшін жан аямай жаумен
кескілесе күресіп жүргенін сөз етеді. Ақтамберді батыр астына арғымақ
мініп, үстіне ақ кіреуне сауыт киіп, қоңыраулы найза қолға алып, ту көтеріп
жауға атой салудағы мақсатын:
Кеуде бір жерді жол қылсам,
Шолақ біржерді көл қылсам,
Құрап жанды көп жиын
Өз алдына ел қылсам, - деп тебіренеді. Бұл нағыз елін, жерін сүйген
патриот ұлдың арманы. Адамгершілік қасиет отбасындағылардың бірін-бірі
қадірлеуінен, әке-шешелеріне ерекше құрмет көрсетуінен көрінбек. Бұл
халық педагогикасының ежелгі қалыптасқан дәстүрлі көзқарасы. Осыны ойға
қазық, тілге тиек ете отырып, көпті көрген көне жырау:
Меккені іздеп нетесің
Меккеге қашан жетесің
Әзір Мекке алдыңда
Пейіліңмен сыйласаң
Атаң менен анаңды! – деп ата – анаңа көрсеткен сый – құрметін құдай
жолын қуып, Меккеге барумен пара-пар деген ойды білдіреді. Жырау осы
өнегелі өсиетін келер ұрпақтың санасына сіңіруді мақсат етіп:
Балаларыма өсиет
Қылмаңыздар кениеп.
Бірлігіңнен айырма,
Бірлікте бар қасиет
Татулық болып береке
Қылмасын жұрт келеке, - деп ел бірлігін, жанұя татулығын, достық пен
ұйымшылдықты дәріптейді. Ұйымшыл, берекелі, бірлікшіл болыңдар, адал
еңбек ет, еңбекті, егіншілік, қолөнер кәсібін қастерлеңдер дейді.
176