БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 178

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Бұқар жырау – дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екенін, өмірдің күнделікті өзгерістерге ұшырып отыратындығын көрсете келе, сол өзгерістердің тек тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған орта, табиғатта да болатынын айта білді. Ақын – жырауладың ішіндегі биік тұлғаның бірі – Бұқар Қалқаман ұлы, Абылай ханның ақылшысы, қабырғалы билерінің бірі. Бұқар ел қорғаушы батырдың, сөз бастап, дау шешуші бидің үнемі әділдікті жақтауын қалайды. Елдің біркелкі бірлікшіл болуы ел басшысына байланысты деп: Ел иесі құт болса Халқы ала болмайды. Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы, - деп халық қамын ойлау азаматтық парыз, нағыз ел қамын ойлайтын адал ұл халқына пайдасын тигізуі, әділет үшін күресуі керек дегенді уағыздайды. Бұқардың көптеген жырлары отбасылық қарым- қатынас, адамгершілік мәселелеріне арналған. Қарт жырау адам өмірінің ең қызықты кезеңі, ойына алған ісін қайратымен іске асыратын, ақыл, қайрат пен талаптың тасыған шағы жиырма бесті іздесең де таппайсың, жас өміріңді дұрыс пайдалана біл деп ақыл айтып отыр [4. 21-22 б.]. ХІХ–ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ақын Махамбет Өтемісұлының ұлттық рухы биік шығармашылығының орны ерекше. Табиғатынан «бүлікшіл ақын» атанған Махамбет жырлары: «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», т.б. өлеңдерінен аңғарамыз. Махамбет Өтемісұлы шығармалары азаттық жыршысы ретінде поэзиясының патриоттық үшін маңызы зор. Ақын-жыраулар олардың әлеуметтік, философиялық дүниетанымы, ойлары халықтың қоғамдық сана-сезімінің қалыптасуына, ойдың дамып кейінгі ұрпақты парасатты, ұлтжанды рухта тәрбиелеуге әсерлі ықпалы зор. Осы ақын-жыраулардың ерлікке, елдікке шақырған еңбектері болашаққа ой саларлық, отты сөздер мен тапқырлықпен айтылған пейілі қашан да өзінің мән-мазмұнын жоғалтпай, қайта уақыт озған сайын тәлім-тәрбилік маңызы артып, күшие түсетіні сөзсіз. Дала ғұламаларының: жыраулардың, шешен- билердің адамның адам болып қалыптасуында басты роль атқаратын адамгершілік құндылықтары жөніндегі өсиет-ақылдары мен өлең- жырларының мазмұны баяндалып, мазмұныбүгінгі күнгі тәрбиенің - ұстаздық басты мақсаты - өзіндік эстетикалық құндылықтарды бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту. Осылайша ұлттық мәдениетті бала бойына сіңіру көзделіп отыр. Жас ұрпақтың бойынан ұлттық мәдениеттің нағыз жасампаздығын дамытуды арман етіп отырған адамзаттың асыл қасиеттер жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай, оларды баламен қарым-қатынаста іске асыра алмайды Сондықтан жас ұрпақты ата- баба дәстүрі дүниетанымы негізінде ақын-жыраулар ойларында қалыптасқан ұлтжандылық рухында тәрбиелей отырып, оларды адамгершілікке, инабаттылыққа баулыған абзал. Ол үшін әр келешек жасұрпақтың қалыптасу ортасында тұрмыс, салт-дәстүрі жүйелі тәртіптің болуының ықпалы зор. Жалпы адамзаттық құндылықтарды болашақ ұрпақтың ақыл парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасына 177