БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 176

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Ел ауызында сақталған аңыз-деректерде: Өзбек ұлысын билеген Әбілқайыр мен Әз Жәнібек қырғиқабақ болып жүргенде Алаштың атақты жырауы Асан қайғы олардың арасынан алауыздық тумасын деп, Әбілқайырдың зауқын басады, домбырамен күй тартып көңілдендіріп отырады. Сондағы жыраудың айтқаны: Тақсыр-ау ұнатсаңыз қаршыңмын Ұнатпасаң жай жүрген алашыңмын Жолым ақ, қолым таза, өзім адал Бөтенше бола аламын қалайша мен. Соның ішінде «Қорқыт Ата кітабындағы» аңыз-әңгімелер құрғақ қиялдан емес, тарихи оқиғалар негізінде туған. Сол көне заман адамдарының достық, қастық, жақсылық, жамандық, ар-намыс, адамгершілік тағы басқа толып жатқан мәселелер жөніндегі түсінік ұғымын бұл жырлар бүгінгі ұрпаққа айна-қатесіз, бұлжытпай жеткізіп отыр [4, 19 б.]. Қорқыттың нақыл сөздері: - Тәңірі бермейінше, ер байымас. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Ер жігітке қарақұрым мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несебісінен артығын жемес. Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз толмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас, ол ішіп-жер , киер де кетер, бірақ көрдім демес. Күл – төбе болмас, күйеу бала – ұл болмас. Қара есек – басына жүген кигізсең де тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да ханым болмас. Жапалақ – жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс – біз болмас. Ежелгі дұшпан – дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Күндердің жақсысы – жұма күні көрікті. Жұма күні оқыған құтба намазы көрікті. Құлақ қойып тыңдаған үмметі көрікті. Жұма күні оқыған құтба намазы көрікті. Құлақ қойып тыңдаған үмметі көрікті. Мұнарада азан шақырған мәзін көрікті. Тізесін бугіп отырған инабатты әйел көрікті. Самай шашы ағарған баба көрікті. Өнегелі бала көрікті. Жырау жастарға– тоқмейілсінуге болмайтындығын, артыңнан ілесіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болуды, өнегелі, кішіпейіл, кеңпейіл бол, жұртпен босқа таласпа «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама», адамға шамаң келсе көмектесіп, ақылына ақыл қос дейді. Жырау осынау ізгі қасиеттердің аса қажеттілігін айта келіп, ізгі іс– әрекетті қолдауды оң іске бағалайды. Қазтуған жырау. (XV ғасыр). Қазтуған Сүйенішұлы Ресейде Астрахань маңындағы Қызылжар деген жерде 1420-1430 жылдары туған, ру көсемі, ел қорғаған батыр, жырау-ақын, сазгер-күші. Қазтуған жырау өзі туралы: Алаң да, алаң, алаң жұрт, Ағала ордам қонған жұрт Атамыз біздің бұл Сүйініш Күйеу болып барған жұрт. Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт [4, 12 б.]. Халық философиясы дүниетанымы Асан қайғы, төле би, Әйтеке би, Бұқар жырау, базар жырау т.б. дара тұлғалар халықтың, елдің тағдырын толғаған кемеңгерлер арқылы дамыды. Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымына талдау жасайтын болса, Шалкиіз жырау- дана, ақылдылығымен ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шыға білді. Өзінің мол рухани мұрасын 175