БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 175
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
музыкалық мақамы мен орындау ерекшелігі болуымен қатар белгілі бір
этникалық топқа қатысты мәліметтерді сақтауында.
Жыраулық дәстүрдің өміршеңдігі оның ел тарихы мен ата- баба
тағылымына негізделуімен айқындалады. Батырлықты паш ететін, ел қорғау
идеясына құрылған қаһармандық жырлар соның жарқын дәлелі. Ерлік
рухына толы көне жыр- дастандар тайпа тарихына құрылып, ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп, дамып, жетіліп отырған. Бұл олардың әдеби мәтіні мен
музыкалық мақамына да қатысты нәрсе. Жыраулық дәстүрді жалғастырудың
маңыздылығы осы қасиеттердің- тайпалық, халықтық, ұлттық сипаттарымен
дараланды.
Халық музыкасы – қайнар бұлақ, одан сусындап нәр аласың, яғни, әр адам
осы ән мен жыр, күмбірлеген күйлер арқылы өзінің тегін, ой сезімін, тарихын
біліп түсінеді.
Қазіргідей өтпелі кезеңде келешек ұрпақтың санасына сіңіріп
нысанамызға жеткізетін ұлы күш халықтық рухани серпіліс. Рухани
серпіліске жету үшін мектеп оқушыларын тәрбиелеуде, көне ұлттық
музыканы мақсатты жүйелі пайдалану арқылы жүзеге асыра аламыз.
XV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ елінің ішкі-сыртқы хал–жағдайы,
көрші жұртпен ара қатынасы жаңа арнаға түсе бастады, халық арасынан
сауатты, білімдар, ақылгөй адамдар бой көрсетті. Халқымыздың қоғамдық
ой-пікірінің басшылары болған Асан қайғы, Қазтуғандар елге ұйытқы,
ақылгөй аталған, дуалы ауызды дала философтары болды. Жыраулар мораль,
этика, тәлім-тәрбие жайындағы ой түйіндерін, аса мәнді қоғамдық
мәселелермен қатар, әлем, болмыс, тіршілік, табиғат жайлы терең мәнді
тұжырымдарды ортаға салып отырды.
Қазақ ақын–жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен
Ақтамберді. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген
ақылгөй, қамқоршы бола білгені байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген
елге деген ыстық ықылас ел қамы, ар, намыс үшін күрес, әділдікті, туралықты
құдірет тұту олардың шығармаларынан өзекті орын алған.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған Шоқан Уәлиханов
«көшпенділер философы» атаған Асан қайғы өз заманының үлкен ойшылы
болған. Асан қайғы (XIV- XV) Асан қайғы XVI ғасырда қазақ хандығын
құруға ат салысқан мемлекет қайраткері, данышпан-ойшыл, ақын-жырау,
асқан күші, аңыз-әпсаналардың кейіпкері. Асан қайғы шын есімі Хасан
Сәбитұлы, Еділ-Жайық арасындағы Атырау алқабында 1361-1370, жылдар
арасында туған) Ұлық Мұхаммедтың ақылғой би болған. 15 ғасырда қазақ
халқының өз алдына ел болу мүддесіне сай Керей-Жәнібек бастаған Қазақ
хандығы мемлекетінің құрылуына қолдау көрсетіп, оның жарқын
насихаттаушысы болған [4, 58 б.].
Біздің заманымызға Асан қайғының әйгілі өлеңдері, көптеген нақыл
сөздері жеткен.
Құйрығы жоқ , жалы жоқ,
Құлан қайтіп, күн көрер!?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер!?
Шыбын шықса жаз болып
Таздар қайтіп күн көрер
174