БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 174

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. қасиеттерге баули отырып, елді қорғау, ар-намыс үшін күресе білуге, өзінің дінін, салтын сақтауға, дәстүрлі ән өнері арқылы тәрбиелеу бүгінгі өзекті мәселелердің бірі деп білеміз. Өнер түрлері халықтық педагогикада балалар мен ересектер тәжірибесінің таптырмайтын құралы, әдіс-амалы, тәсілі , белгілі ережелері мен әдет-дағдылары болды, құнды адамгершілік қасиеттерін (қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, бауырмалдық, туыстық, достық, жолдастық сезім, туған жерге, елге сүйіспеншілік, ұлттық намыс, ата-баба дәстүріне сыйластық көзқарас, ұлттық өнерді құрметтеу, сақтау, отансүйгіштік, т.б.), психологиялық-эмоционалдық қасиеттерін (болмыстағы қуанышты сүйіспеншілік сезімімен қабылдау, байыптау, елестету, есте сақтау, ойлау т.б.), эмоционалдық-эстетикалық қасиеттерін (өнердегі, табиғаттағы әдемілікті, әсемдікті, сұлулықты талғаммен, сүйіспеншілік сезіммен қабылдау, ләззат алу, әсерлеу, эстетикалық тұрғыда баға беру т.б.) қалыптастырады»,- дей келе олардың маңыздылығы бүгінгі күнде тіпті артып отырғандығын дәлелдейді. Сондықтан, қазір таңда этнопедагогикалық білімге сүйене отырып, өнер салалары пәндері арқылы шәкірттердің бойына халықымыздың дәстүрін әдет-ғұрпын, өзіндік мәдениетін, өнерін игерту мақсатын да эстетикалық тәрбие беруге зор мүмкіндік бар [1, 18 б.]. Жастардың ұлттық дәстүрлі өнермен сусындап өскен рухани дүниесі бай болған сайын, олардың дербес шығармашылық еңбегі жемісті бола түсетіні аян. Себебі, көркем өнер түрлерін сабақта пайдалану, көркем әсерлермен шебер байытып отыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін, олардың әсерлілік құралдарын іздестірудегі белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі. Жастарға ән айтқызу, күй шерткізу, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе тәлім-тәрбиелілігі тұнып тұрған ақын- жыраулардың өлең- жырларын келешектің көкірегіне жеткізу бүгінгі күннің мәселесі. Қоғамдағы демографиялық қатынастар, өткенге сол көзбен қарау, қымбат тәжірибелерді сақтап қалуға ұмтылу, ән –жырымызды, ақын-жырауларымызды есте ұстау, ұлттық салтымыз бен дәстүрімізге бет бұру жаңашыл жолдарды іздеу – бүгінгі күні мектептегі өзгерістің өзегі осы [3, 31 б.]. Халықта күміс-көмей, жез таңдай әншілер мен ақындар, сал-серілер өмір сүріп, туған елінің өткендегісі мен бүгінгісін жырлады. Соңына бағалы туындылар қалдырып, қашан да ел қамымен, оның тілек-мүддесімен бірге жүріп, біте қайнасып өтті. Қазақтың музыка фольклоры сондай озық ойлы өнерпаз өкілдерінің үлгі-өнегесінің арқасында мәңгіге сақталды. Бүгінде музыка мәдениетіміздің мерейін тасытып, гүлдендіріп тұрған сарқылмас кәусар бұлақ, халықтың ұлттық ән мен күйі және ақындық- жыраулар мұрасындағы жастарға қатысты тәлім-тәрбиелік мәні зор ой- пікірлерін болашақ ұрпақ игілігіне пайдалану, жастардың ұлттық сана сезімінің дүниетанымының қалыптасуына ықпалы мол. Көне дәстүрлерден тамыр тартатын жыраулық дәстүрдің негізгі нысанасы- ел, тайпа, қоғам тағдыры, ата- бабаларымыздың ерлік, елдік іс- әрекеттерін кейінгі ұрпаққа жеткізу болып табылады. Жыраулық кәсіп синкреттік құбылыс әрі өнер, әрі дәстүр. Оның негізгі ерекшелігі- поэзия, музыка және орындаушылық шеберліктің бірлігінде. Жыраулық өнер – ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, жетіліп ,өзіндік музыкалық- эпикалық репертуар тудырған тарихи- мәдени құбылыс. Бұл дәстүрдің тағы бір ерекшелігі өзіне ғана тән репертуары, сюжеті, мотиві, 173