БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 173
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
айтып жеткізуге баулиды сөздік қорын байытады, үшіншіден балаларды
жақсыға үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.
Елдің жарқын болашағы - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен
байланысты. Келешекте балалардың отанын сүйуге, еңбекті, өнерді қадірлей
білуге, үлкенді, ата-ананы құрметтеу сияқты халық педагогикасының
қағидалары мен халқымыздың ақын-жырауларының асыл үлгілерін
бойларына сіңіру үшін оқу-тәрбие жұмыстарына пайдаланудың ықпалы зор.
Ақын-жыраулар шығармашылығындағы асыл ой, жүйелі айтылған сөз,
пікірдің астарлы мағынасы жас жеткіншектердің санасына жеткізіліп
олардың көзқарасының қалыптасуына әсері мол. Дала жырауларының
импровизация, яғни суырыпсалма өнеріне өзгеше жетік болғаны белгілі.
Жырау жастарға – балаларым болды деп тоқмейілсімеңдер, артыңда
келе жатқандарды адастырма, оларға өнеге көрсететін бол, әр уақытта
өзім болдымға салынба, кішіпейіл, кеңпейіл бол, жұртпен босқа таласпа
«Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама», адамға шамаң келсе
көмектесіп, ақылына ақыл қос дейді. Жырау осынау ізгі қасиеттердің
қажеттілігін айта келіп, олардың ізгі іс – әрекетін қолдауды алға
тартады.
Қазақтың халықтық музыка өнері саласында шалқар сахара, дархан
даладай мол көсіліп, кең тараған бір жанр бар. Ол - ән. Көркем де келісті,
шымыр да шыншыл, бүкіл болмысымен биязы әрі мазмұнға бай қазақ әндері
халықтың ұлттық сипатын айқын аңғартатын үлкен фактор болып табылады.
Ән табиғатынан халық тарихымен бірге туып, етене өнер қуырып, сол
өнердің ел өмірімен еншілес үндестігін көреміз. Әрбір ұлттың өзінше өмір
сүру қалпы, тұрмыс –тұрқы, әдет-ғұрыптық өзгешелігі, психикалық –
мінездік ерекшеліктері, түсінік – пайымдары оның өнер өрісіне үлкен әсер
ететіні белгілі. Музыка өнеріндегі бұл құбылыс халықтың сол құпиясын әр
алуан салада, әр түрлі бояуда әшекейлейді [2, 18 б.]. Жас буынға өз тілін
құрметтеуге үйретіп патриоттық тәрбие, адамгерші-лік тәрбие беру әр
ұстаздың міндеті. Ал, бүгінгі таңда мектептің мұғалімінің ең қасиетті міндеті
рухани бай, жан – жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру.
Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет – салты, әдебиеті,
мәдениеті, өнері шыққан түп – тамырына жататыны белгілі. Сол ұлттық
байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі ұлттық
салт-дәстүрге байланысты озық ұстамдармен байланыстыра отырып, әр
баланың қабілетіне сай, өзіне - өзінің сенімін нығайтып, ұлттық өнер, әдебиет
арқылы білімдік көзқарастық қорын молайтып, қазақ халқының өмір салтына,
дәстүрлеріне және ежелгі тәжірибесіне деген қызығушылықтарды
қалыптастыру. Осыған орай жасөспірімдердің бойына ұлттық өнер, халық
ауыз әдебиеті мазмұнындағы көркемдік бейнелердің әсіресе, бала үшін
тартымды образдардың орасан зор көлемді материалдары эстетикалық
мәдениетін қалыптастыруда жетекші рөл атқарады. Ұлттық өнер, халық ауыз
әдебиеті туындыларында баланы ең алдымен мазмұнды түсінудің жеңілдігі,
сөз сипатының түрлілігі қызықтырады.
Көп ғасырлық ата–бабаларымыз салып кеткен ұлттық сана-сезімді өз
халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне біртұтас көзқарас
қалыптастыру және халық шығармашылығының өнер түрлері арқылы
шығармашылық жағынан балалардың өзін-өзі танытуға, ұмтылысын дамыту
білім берудің мақсаты. Жас ұрпақты өнер сүйгіштікке, адамгершілікке, ізгі
172