БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 172

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Zhilova Yu.P. THE PROJECT AND RESEARCH TECHNOLOGIES AS A MEANS OF THE EFFECTIVE DEVELOPMENT OF THE CREATIVE POTENTIAL OF CHILDREN WITH DEVELOPMENTAL DELAY The article is devoted to the Project and Research technologies as a means of the effective development of the creative potential of children with developmental delay. The basic provisions of A.I. Savenkov's technology are described in the article. He considers Project and Research technologies as the way to «comprehend new, conducting own researches, observing, setting up experiments and making own thinking and inferences on its base». On the basis of the theoretical analysis the concept «Project-Research technology» is generalized. Keywords: technology, project, research, creativity, potential, developmental delay. ______________________________________________________ ӘОЖ 78.1.02:372:8 Өмірзақова Л.Қ. – аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Е-mail: [email protected] ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР МҰРАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ Аңдапта. Мақалада қазақтың ақын-жыраулар мұрасының тәрбиелік мәні қарастырылады. Түрлі кезеңдерінде өмір сүрген атақты ақын- жыраулардың педагогикалық ойлары. Ұлттық салт - дәстүрде имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтіндей шешендік сөздер, ақын- жыраулардың нақыл сөздері. Тірек сөздер: ақын-жыраулар шығармалары, ұлттық музыка, тәрбие, шығармашылық. Бүгінгі күні қалыптасып отырған әлеуметтік-мәдени жағдайда қоғам өмірінің барлық саласында шығармашыл тұлғаның орын мен ролі ерекше мәнге ие болып отыр. Бұл ғасырлар тоғысында адамзат баласы жасаған техника мен технология жетістіктерін тиімді пайдалануда шығармашылық тұрғыдан келу қажеттігінен туындайды. Осыған байланысты педагогикалық процеске қойылатын талаптар өзгереді, себебі қазіргі әлеуметтік жағдайда жинақталған рухани жаңғыру, мәдени-тарихи мұраны игеру адамды дамытудың негізгі көзі болып табылады. Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлкеде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй – даналар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты педагогикалық ойлардың рөлі ерекше. Сондықтан тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс тәрбие, үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтіндей ұлттық поэтикалық шығармалар - шешендік сөздер, жыраулардың нақыл сөздерін, мақал - мәтелдерді кеңінен қолдансақ: біріншіден оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге қөзқарасын қалыптастырса, екіншіден ой - өрісін кеңейтіп, көркем сөйлеп, пікірін дәл 171