БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 15
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Бүгінгі күні өзгерістер легінде өмір сүріп жатқан мектеп оқушыларының
оқу, тәрбиелеу, қалыптасу, даму процесіне ересектердің тікелей басшылық
жасауы, педагогикалық қолдау көрсетуі де қажеттілік және заманауи мәселе.
Т.В. Анохина қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінде оқушыны педагогикалық
қолдау мәселесіне талдау жасаған және оның келесідей түрлері жиі
кездесетіндігіне тоқталған. Ғалымның байқауы бойынша, әлемдік білім беру
жүйесінде «scool-counselling and guidance» - «мектепте кеңес беру және
басшылық» термині кеңінен танымал және алдыңғы қатарлы педагогикалық
әдебиеттерде «гайдэнс» термині жиі кездеседі. Кең мағынасында «гайденс» -
адамға кез келген қиын жағдайда, талқыға түскенде, таңдау жасауда, шешім
қабылдауда немесе жаңа жағдайларға бейімделуде көмектесу дегенді
білдіреді. Ал, тар мағынасында- тұлғаға білімді табысты меңгеру, мамандық
таңдау, өзіндік қабілеттерін дамыту үшін өзінің қоршаған ортасын танытуға
бағытталған көмектесу процесі. «Гайденс»
американдық оқушыларға
тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін тәрбиелік әсер етіп, олардың
әлеуметтенуіне белсене қатысады, академиялық жетістіктерді белгілеп
отырады, идеологиялық және адамгершілік дамуын бақылайды, өміріндегі
қақтығыстарды шешуге араласады. Англияда «counselling and guidance»
жүйесіндегі мамандардың қызмет мазмұнын жетілдіру, қазіргі уақытта,
«guidance» ұғымында қолданысқа еніп, тұлғаның әлеуметтік және жеке
дамуына бағытталған, әлеуметтік дағдыларды үйрету, кәсіптік бағдарлау,
пәндерді меңгеру мүмкіндіктерін анықтау, пәндерді таңдауға, іріктеуге көмек
көрсету, қолдау қызметі ретінде қабылдау қалыптасқан. АҚШ-та «guidance»
алдын-алу жұмыстарымен байланысты, ал «counselling» - тәрбиесінде, мінез-
құлқында проблемасы бар балалармен айналысатын мамандардың қызметі
ретінде қарастырылады. Т.В. Анохина зерттеулерінде, жалпы, шетелдік
мектепте қолдау жүйесі қызметінің түрлі модельдері кездеседі деп, олардың
бірқатанын көрсеткен: «tutor» - «тьютор» (жеке, топтық, сыныптық), сынып
тәрбиешісі, сынып жетекшісі, психолог, үйлестіруші (координатор), «adviser»
- кеңесші, «counsellor» - кеңесші, кеңес беруші, «carer counsellor» кәсіби
жолын таңдаудағы кеңесші, білім беруді толықтырушы мұғалім (кейде
«емдеуші педагог» (бұл жерде адам жанын емдеуші мағынасында
қолданылады). Американдық білім беру жүйесінде келесідей қолдау
формалары да кездеседі: мектеп кеңесшісі - «school-counsellor», «school-
psychologist» - мектеп психологы, мектептің әлеуметтік қызметкері - «school
social worker» және т.б. [12, 72-74 б.].
«Қолдау» ұғымы адам туралы ғылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл
ұғым адамның игілігі мен бақытын арттыру және жанашырлық пен міндетін,
борышы мен жауапкершілігін сезінуден туындаған қамқорлық жасау, көмек
көрсетуге бағытталған белсенді қарым-қатынас ретінде қарастырылады.
Уақыт алға басқан сайын бұл ұғымның өрісі кеңейіп,
тұлғаның
қалыптасуында ойын-сауық, оқу-білім, тәрбие процесінде маңызы ұлғайып,
дәрежесі артуда.
Қоғамдық жағдай деңгейінде көмек көрсету, қолдауға деген қатынастың
дамуын
арнайы әлеуметтік институт ретінде талдауға болады. Қолдау
тарихи тұрғыда әртүрлі формаға ие болды.
Орта ғасырларда бұл
қатынас қайырымдылық, мейірімділік пен
бауырмалдық, кеңпейілдік, сүйіспеншілік формасында жүзеге асқан. Мұнда
14