БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 16
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
күшті рухани мотивация болып, адамға көмекке келуге дайын тұру
қайырымдылық пен мейірімділік сезімінен туындады.
Қазақ елінде жетім мен жесірге, көршіге, жолаушыға, азап шеккендерге,
әлсізге, кем-тарға, дос-жаранға, туыстарына көмек көрсету, тіпті көмектесуге
ниетінің болуы оның кісілік көрсеткіші
және адамның ең маңызды
қасиеттерінің бірі ретінде құрметтелді.
Балаға көмектесу, қолдау көрсету оның жан дүниесін дамытуға,
материалдық жағдайын көтеруге бағытталып, діни мазмұндағы түсініктер
арқылы
балалардың
рухани құндылықтарын қалыптастырып, жалпы
әлеметтенуін қамтыды деуге тұрарлық.
Ресейде ХVШ ғасырда баланы қолдау қайырымдылық түрінде өтті,
баланы әртүрлі көмек түрімен қамтамасыз етудің мемлекеттік тәсіліне
«бейімдеу», «адамның тәуелсіздігі», «отанының адал ұлы» деген аталыммен
әлеуметтену мен әлеуметтік даму бағытына әсер етті.
XIX ғасырда қолдау түсінігі мейірбандық пен ақыл мотивациясы біріккен
филантропия және қайырымдылық формасында болды. Қолдау қоғамдық
міндет ретінде қарастырылды. Бұл «адамазамат» тұлғасының қалыптасуына,
сондай-ақ, әлеуметтену мен әлеуметтік дамуға әсер ететін «қоғамға қызмет
ету», «әлеуметтенуі сәтсіз» тұлғаларға қайырымдылық қолдау көрсету
ретінде танылды.
Тарихта баланы қолдау, әлеуметтік қолдау формаларынан бастап
(қайырымдылық, садақа беру, филантропия, қамқорлық көмек); әлеуметтік
педагогикалық қолдау формаларына дейін (тәрбие мен білім беруді жүзеге
асыратын (қайырымдылық қоры, меценаттық);
аты аталмаған дара
формадағы қолдаудан (садақа беру, қамқорлыққа алу және т.б.), нақты
белгіленген әлеуметтік проблемасы бар жетім балаға үй-жайсыздарға
көмектесу формасында бала өміріне авторитарлық араласу формасынан, бала
мен қоғам арасындағы демократиялық формаға
дейін; патернализм
формасынан тұлғаның өз проблемасын өз бетімен шешуін күшейтуге,
көмектесуге бағыттау сияқты даму сатысынан өтіп келді.
А.В. Иванов «педагогикалық қолдау» отандық педагогикаға баланы оқыту
мәселесіне қатысты педагогтардың жұмыс түрін көрсету арқылы қолданысқа
енгендігін және осыған сәйкесті әр түрлі мекемелердің атқаратын қызметіне
орай әлеуметтік-педагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық
қолдау, медико-педагогикалық қолдау ұғымдарының пайда болғандығын
айтады. «Қолдау» тұлғаның белгілі бір көмекке мұқтаждығы туралы белгі
беруді
атқарады
деп,
әлеуметтенудегі
қиындықтарды,
оқудағы
қиындықтарды педагогикалық қолдаудың пәні ретінде қарастырады [8; 6].
Әрине, оқу үлгеріміне қатысты қиындықтар педагогтар мен ата-аналарда да
айтарлықтай қиындықтар туындатады.
«Педагогикалық психология» атты оқу құралында И.А. Зимняя оқыту мен
тәрбиелеу психологиясы туралы: «Шығыстың ұлы ойшылы Ибн Сина
(Авицина) медицина қызметкерлеріне «Зиян келтірме» деген қағида
қалдырып, мұны медициналық жоғары оқу орындарының түлектері
Гиппократ анты ретінде қабылдайды. Осыдан, педагогикада педагогикалық
ықпал етуді сипаттайтын және оның тиімділігін анықтайтын осындай кәсіби
қағида бар ма деген сұрақ туындайды. Бұл ретте, өз қызметін бастайтын
педагогтарға «оқушының жанын түсін», «оқушының оқу үлгеріміне
көмектес» деп келетін екі кеңес ұсынар едік,- дейді» [13].
15