БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 14

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. күнделіктер»), (К.Д. Ушинский «Ата-аналарға кеңес») жан-жақты мағлұмат алып, бүгінгі күні де кәдемізге жарата аламыз. Педагогтар өздерінің жеке бас үлгілерін көрсетіп, практикада іске асырып, оны әдіс ретінде пайдаланып, баланың даму үдерісіне– тұлғаның шынайы түрде психикалық қалыптасуына ықпал етті, осылайша балаға әлеуметтік тәжірибе жинақтауға, қиындықтарды, өмірлік проблемаларды өз бетімен жеңу үшін тіжірибе жинақтауға көмектесті [8; 7]. Я.Корчактың еңбектерінде баланы қолдау мен қорғау идеясы педагогтың басты міндеті ретінде баса айтылады және ол «жақсы педагог» қалыптасуындағы басты педагогикалық ұстаным негізі болып табылады. Я.Корчак жылы да тартымды мекен-жай, ойын ойнайтын, сабақ оқитын, демалатын орын тәрбиеленушіні физикалық та, танымдық та қанағаттандырып, одан әрі дамуына бағыттайды деген [9]. Баланың өмір сүру кеңістігін ұйымдастыруға А.С.Макаренко да үлкен мән берді [10, 182 б.]. Ол ұжымда баланың дамуына ықпал ететін қамқор боларлық ортаны құра алды. А.С. Макаренко өзінің «Общие вопросы воспитания», «Методика воспитательной работы», «Воспитание в советской школе» атты еңбектерінде баланың ұжымдағы әлеуметтік қорғанысы туралы идеяларын айтқан болатын. Педагог тұлғаның және ұжымның қалыпты дамуының мәнді көріністері болып баланың ұжымда қорғаулы екендігін көрсететін өлшемдер жүйесі болатындығын қадап айтқан. А.С. Макаренко сөйлеген сөздерінде, оқыған дәрістерінде әлеуметтік ортаға жаңадан келгендерге қамқорлық жасау қажеттілігін және басқалардың бір-біріне қолдау көрсетуін әрдайым ескертіп отырды [10, 342 б.]. И.П. Иванов А.С.Макаренконың мұрасын терең және байыпты зерделеп, ұлы ұстаздың бүкіл қызметі жалпыға ортақ қамқорлық, қолдау идеясына толы болғандығын, оның барлық адамдарға қамқорлық, қоғамның игілігі үшін қамқорлық жасауды қамтығандығы туралы тұжырым жасады. Ғалым жалпыға ортақ шығармашылық қатынастарды аша келе (тең құқылы қарым- қатынастар), балалардың ұжымшылдық мінездемелерінің дамуын мысалдармен дәлелдейді: басқаларға көмектесу, адамға, табиғатқа, әлемге мейірімділік таныту, әлемге сеніммен қарау көзқарасы және т.б. И.П. Иванов жалпы мотивтерді (кейбіреулердің өзін ерекше артық жағынан көрсетуге, талпыныс жасау қажеттілігі) және «белсенді», «белсенділігі төмен» белгілі бір топ өкілдеріне тән - ортақ шығармашылық қызметті ұйымдастыру мен іске асыруды қажет ететін арнайы мотивтердің болтындығын ескеру керектігін зерттеп, тәжірибеде дәлелдеді. 1990-1991 оқу жылдарында баланың дамуына педагогикалық қолдау қажеттілігі туралы ресейлік ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады («Новые подходы к воспитанию в условиях демократической перестройки школы» Газман О.С., Иванов А.В.). О.С. Газманның педагогикалық қолдау тұжырымдамасы жарық көріп, онда педагогикалық қолдау педагог қызметінің негізі, білім берудің бір қыры ретінде (тәрбие және оқытумен қатар) қарастырылды. Әкімшіліктен бастап еден жуушыға дейін жаңаша өзара әрекеттестікке құрылған өзінің жаңа міндеттерін сезінетін, педагогикалық қолдау жүйесі бар мектеп моделін жасау идеясы туындады және жаңа кәсіби мазмұнға, сапаға көшетін жаңа механизмдер пайда болды. Нәтижесінде білім беру жүйесінің әрбір субьектісінің өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға негізделген жаңа педагогикалық кеңістік қалыптасатындығы ұсынылды [11]. 13