БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 13

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. хан және басқа да ақсүйектер мектепке жиналып, әр түрлі қызықты шаралар өткізген. Бұл – сол заманда бабаларымыздың өз ұрпағының білімді болуын қолдап, атсалысқандығының айғағы. Бұдан отбасы мен мектептің бірлікте балаға білім беру жолдарын пайдалана білгенін көреміз» - [4] деп жазады. Жеке-даралық психологиясының негізін қалаушы, белгілі психолог Альфред Адлер: «Ересек адам міндетті түрде бала дамуын басқаруы тиіс... Жеке-даралық психологияның мақсаты да балалардың психологиясын зерттеу болып табылады... Жеке-даралық психология басқа психологиялық тұғырларға қарағанда, теория мен практиканың арасындағы алшақтыққа жол бермейді. Ол тұлғаның тұтастығымен байланысты. Біз әрқашан адамның дамуындағы қателіктері мен жаңылысуларымен, әсіресе, балалық шақта бұрыс қабылданған түсініктерімен санасуымыз қажет, себебі олар оның кейінгі өміріне әсер етеді»-деп көрсетеді [5]. Яғни, А.Адлер адамның балалық шақ кезеңі тым қысқа мерзімде өткенімен, оның өміріне өзіндік мықты із қалдыратындығын ескертіп, бала қабілеті мен даралығын танып-біліп, дер кезінде қолдау жасау қажеттігін зерттеп дәлелдеген. Балаға (оқушыға) өзін-өзі тәрбиелеуге, дамытуға қалай көмектесуге, қолдау көрсетуге болады деген сұрақ педагогика тарихының көкейкесті проблемасы болғандығын педагогика классиктерінің еңбектерінен көре аламыз. Я.А. Коменский мұғалімнің қызметі оның балаға қызмет ету ниеті мен дайындығының болуы деп түсіндірді. Дидактикалық жүйесінде ол балаларға адамгершілік және сүйіспеншілікпен жұмсақ қарау қажеттілігін және бала дамуына көмектесу керектігін айтты [6]. Білім беру тарихында ересектердің (тәрбиеші, сынып мұғалімі, ата-анасы) баланы қолдау мәселесін И.Г. Песталоцци қатты ескерткен. И.Г. Песталоцци - «жетім балалардың әкесі» саналып, кемсітушілік көргендерді тәрбиелеп, шынайы халық мұғалімі аталған танымал тұлға, ол өзінің педагогикалық жүйесін жақсы қарым-қатынасқа, оқушыларға қамқор болу бағытында құрды. Педагог қамқорлық туралы ғана емес, сонымен қатар анасы сияқты баланың табиғатын түсіну арқылы қамқорлық жасау керектігін ескертіп отырды. Оның пікірінше, тұлғаның табиғатына қарай қамқорлық жасау адамның «өз-өзіне қамқор болуға», «өз-өзіне көмек көрсетуге», «өзін-өзі қорғауға» бағытталады. «Мұндай қамқорлық баланың сезіміне кері әсер етпей, оның физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Бұл табиғатқа сәйкесті қамқорлық анасының бойында инстинкт түрінде болғанымен, оның ақыл-ойы мен жүрегінің сұранысында үйлесімділік қажет» -деп жазды [7, 217 б.]. Көрнекті орыс педагогтарының ой-тұжырымдарында (П.Ф. Каптерев, П.Ф. Лесгафт, А.Н. Острогорский, Н.И. Пирогов, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский және т.б.), кезіндегі оқу орындарының нұсқаулықтарында, гимназиялар мен прогимназиялар туралы Жарғыларда баланың табиғатына сәйкес дамуына қамқорлық жасауға аса мән берілді. Л.Н. Толстой өзінің «Ясная поляна мектебіндегі күнделіктерінде» балаға қамқорлық тәрбиеші қызметінің негізі болуы керектігі туралы айтады [8; 6]. К.Д. Ушинский балаларды қорғау мәселесін қарастыра келе, «Әйелдерге арналған педагогикалық курс Бағдарламасында» балаға деген ақылға қонымды қорғаудың қажеттігіне тоқталады. Ақылға қонымды қолдау мен қорғау бала тұлғасының ұмтылыстары мен қателіктерін және т.б. терең танып білуден туындайтындығына тоқталған болатын. Бұл туралы Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский еңбектерінен (Л.Н. Толстой «Яснополян мектептеріндегі 12