БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 12

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Жак Делордың халықаралық комиссия баяндамасында тұжырымдап, Комиссия шешімі бойынша білім беру сапасы жетістіктерінің адамға өмірлік жетістіктерге қажетті танымға, әрекет етуге, бірге өмір сүруге, өмірдің кез- келген қарам-қайшылықтарына төтеп береуге үйрену негізінде бағалануы ХХІ ғасырда білім берудегі жаңалық болып саналады [1]. Әлемдік өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы білім берудің мазмұнын қайта қарауды жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындаудан бастау қажет деп шешті. Және 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесін жақсарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындайтын арнайы Тұжырымдама әзірленді. Онда білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс деп, осыған сәйкес жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау қажеттігін белгілеп берді [2]. Алайда, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша оқытуда көзделетін жаңа талаптардың оқушыларға салмақ салатындығы кездеседі, олар: - Білім мазмұнының жаңаруы мен педагогикалық оқу орындарында осы өзгерістерді тәжірибеде еңсеруге қабілетті мамандарды дайындаудағы кейбір сәйкессіздіктер; - Жаңартылған білім мазмұны бойынша ата-аналардың балаларды оқу- тәрбие мақсаттарына жеткізу белсенділігінің аздығы; - Оқу нәтижелеріне ықпал ететін оқушыға қосымша білім беру мен мектептен тыс сабақтарды ұйымдастыру және т.б. қызметтердің өз мәнінде жолға қойылмауы. Бастауыш мектепте жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытуда оқушы оқу нәтижелеріне жетуі үшін олардың жас және психолгиялық ерекшеліктерін ескерумен қатар әлемдік білім беру жүйесінде қалыптасқан оқушыға көмек көрсету мен педагогикалық қолдау жүйесін уақытылы әрі жүйелі пайдалану керек. Бұл қызметті (оқушыны педагогикалық қолдау қызметін) қазіргі бастауыш білім беру саласының мақсаты болып отырған басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық және технологиялық сияқты негізгі құзыреттіліктер мен пәндік құзыреттіліктерді меңгеруде аса қажетті шарт деп қарастыру қажет. Мәселен, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауда «Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек» -деп көрсетті [3]. Бұл педагогикалық қолдау қызметін қазақстандық білім беру жүйесінде жан-жақты зерттеп, тәжірибеге енгізуді жеделдетуді талап етеді. Білім беру жүйесіндегі 12 жылдық мектепке өту мәселесін арнайы зерттеген ғалым Г.Қ.Айқынбаева Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасу барысын басынан кешкендігіне (ХҮ-ХҮІІІ ғғ және ХҮІІІ- ХХғғ) талдау жасаған. Ғалым: «Қазақ халқында оқымыстылықтың пайдасы мен қуатының түсінікті болғандығы сондай, олар өздері үшін молда шақырып, үйде бала оқытып, мұғалім ұстап, хандардың өзі білім алуды жолға қойған. Жәңгір ханның басшылығымен Бөкейханның ордасында мектеп ашылғандығы тарихта жазылған... Әр жылдың желтоқсан айында мектепте өткізілетін емтиханға оқушылардың ата-аналары да қатыстырылған. Сол күні 11