БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 11
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
***
Sarsenbayeva B.I., Amanbayev A.S.
ABOUT PROBLEMS OF FORMATION OF PEDAGOGICAL
CULTURE ON THE MODERN EXPERT
This article is devoted to the actual problems of the formation of the pedagogical
culture of modern specialists. The goal is to show that it is necessary to introduce a
cultural block of disciplines, to develop and introduce the special course “Basics of
forming a pedagogical culture of a specialist” as an elective course, to design and test
the psychological and pedagogical education program for students, as future specialists
in humanities. To develop a program of self-development, self-education, and self-
realization for the further development of the pedagogical culture of a specialist during
the period of independent professional activity.
Keywords: pedagogical culture, culture as a sign system, professional
competence, methodological analysis.
______________________________________________________
ӘОЖ 378.1
Албытова Н.П. – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
E-mail: [email protected]
Сламбекова Т.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
E-mail: [email protected]
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасында орта білім беру барысы
қарастырылады. Осыған байланысты жаңартылған білім мазмұны бойынша
оқытуда кездесетін қарама-қайшылықтарды атап өтеді. Осыдан оқу
жетістіктеріне жетуде оқушыларға педагогикалық қолдау көрсету
қажеттігінің туындап отырғандығы анықталған. Автор «педагогикалық
қолдау» ұғымына түсініктемелер келтіріп, оның қазақстандық және шет елдік
білім беру жүйесінде даму тарихына шолу жасайды, педагогика классиктерінің
ой-тұжырымдарынан
дәйектемелер
келтіреді.
Шетелдік
мектеп
тәжірибелерінде жиі қолданылатын педагогикалық қолдау, көмек түрлерін
зерттеген ғалымдар еңбектеріне, ондағы оқушыны педагогикалық қолдау
ерекшеліктеріне тоқталады. Тәжірибеде ересектердің (педагогтар мен ата-
аналардың) оқушыны педагогикалық қолдауы анықталып, заманауи мектеп
оқушыларымен жұмыс жасауда педагогикалық қолдау бағыттары ұсынылады.
Тірек сөздер: жаңартылған білім мазмұны, 12 жылдық білім беру,
педагогикалық қолдау, оқу жетістіктері, негізгі құзыреттіліктер, пәндік
құзыреттіліктер, оқыту, тәрбие.
Қоғамның бәсекеге қабілеттілігі рухани және адамгершілік құндылықтар
негізінде қаланған білім беру саласының мықтылығына байланысты.
Қазақстандағы білім беру жүйесінің түбегейлі жаңа мазмұнға көшуіне себеп
болған да осы проблеманың шешуін іздестіру.
10