БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 146

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. бірден ыстық суға салса, ет бетіндегі ақуыз жоғары температураның кесірінен ұйып, көптеген саңылауларды бітеп тастайды. Нәтижесінде экстрактивті заттар етте қалып, ет сорпаға қарағанда тәттілеу болады. Б) Көне Үнді елінде адамның кінәлілігін анықтау үшін құрғақ күріш жегізген. Айыпталушы құрғақ күріш жей алмаса кінәлі деп танылған. Бұл сынақ неге негізделген? Жауабы: Күрішпен сынау адам қорыққан кезде сілекей бөліну тоқтап, ауыздың құрғайтынына, ал құрғақ күрішті жеу мүмкін еместігіне негізделген. Әрине, бұл кезде жазықсыз адам да кінәлі деп танылуы мүмкін еді. 3. «Талдау» максатына жету үшін соңғы жауаптардың ішінен салыстыруға келетін ұғымдарды іріктеп алып, тапсырма шартына аталған ұғымдарды: 1) салыстыр, 2) айырмашылығы неде? 3) ұқсастығын тап. 4) тақырыптың басты идеясын бөліп шығар- деген тапсырмалар міндетті түрде берілу керек. Немесе:салыстыр, айырмашылығы неде? ұқсастығын тап деген тапсырмалар қамтылуы қажет. Төмендегі берілгендерді сәйкестендіріп қойып шық. 1. Қан 2. Эритроциттер 3. Лейкоциттер 4. Тромбоциттер 5. Гемофилия 6. Глобулин А. Оттекті тасмалдайды В. Қан ұйымайтын ауру С. Қанның қызыл түсті жасушалары Д. Қан ұйытқыш жасушалар Ж. Обыр жасушалар З. Плазмадағы белок 4. «Жинақтау» мақсатына жету үшін оқушының соңғы тапсырма бойынша бөліп шығарған тақырыптың басты идеясынан: қорытынды шығар, анықтама бер, классификация жаса, сөзжұмбақ, кесте толтыр, немесе тірек-сызба сыз сияқты т.б. тапсырмалар берілді. - Артерия тамыры деген не? (қан жүретің барлық мүшелерге ағатын тамыр). - Не себепті венаның ішкі қабырғасы қан ағымының бағыты бойынша орналасқан қалта тәрізді қақпақшалар түзеді? (себебі, бұл қанның жүрекке ағуына себепші болады) [5; 6]. «Жинақтау» тапсырмаларын орындату нәтижесінде әр топтағы оқушыларға қортынды шығартады. Б.Блумның мақсаттар таксономиясындағы «Қолдану» (оқулықпен жұмыс) және «Баға беру» мақсатында қорытынды жазыдыруға болады [5; 6]. Өткізілген сабақтар нәтижесінде оқушылардың білімдері бір жүйеге түсіріледі, биологиядан шығармашылықтарымен логикалық ойларын дамытып, жаңа технологиялардың элементтерін көптеп пайдалану арқылы ой өрістерін кеңейтуге болады. Сабақ барысы кезінде оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмысы, өз ойларын ашық айта білу, пікірталас туғызу, проблемалық тапсырмалармен жұмыстанулары, проблемалық жағдайларды шешуге ұмтылу белсенділіктерінің жоғары екендігін көрінді. Жоғарыдағы мағлұматтарды қорытындылай келе оқушылардан проблемалық тапсырмаларға жауап алу арқылы нәтижесі қорытындыланды (кесте 2 және 3; сурет 2 және 3). 145