БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 145
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Кесте 1 – Ақтөбе қаласы №19 ЖОББМ оқушыларының педагогикалық
эксперимент жүргізілгенге дейінгі көрсеткіші
Деңгейлер
Бақылау тобы
Эксперимент тобы
Сапа
Саны
Сапа
Саны
Тану, түсіну
21%
5
19%
5
Қолдану
42%
10
50%
13
Талдау
33%
8
27%
7
Жинақтау
4%
1
4%
1
Анықтаушы эксперимент нәтижесiнің негізінде жасалған қорытындылар
оқушылардың білім сапасын арттыру құралы ретiнде құрастыру шарттарын
айқындауға және пайдалану әдiстемесiн жасауға мүмкiндiк бердi.
50%
40%
30%
20%
10%
0%
42%
21% 19%
50%
33% 27%
4%
4%
Бақылау тобы
Эксперимент тобы
Сурет 1 – Педагогикалық экспериментке дейінгі көрсеткіш диаграммасы
Проблемалық оқыту технологиясының талабы бойынша жаңа тақырыпты
меңгеру үдерісі бірнеше кезеңдер мен негізгі бөлімнен тұрады.
Әр кезеңнiң мақсаты «шағын мақсат», оның нәтижесi «аралық нәтиже»-
деп қарастырылады.
Американдық педагог-психолог ғалым Бенджамин Блум мұндай алты
аралық нәтижелерге жеткізетін шағын мақсаттардың алтауын атайды.
Кез-келген тақырыпты меңгерту мақсаты – тақырыпты толық меңгертуді
көздейтін болса – онда түбегейлі нәтиже ең соңғы алтыншы нәтижеге тең
болу керек [3].
Біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымызда дәлелденгендей, аралық
мақсаттар реті:
1. білу; 2. түсіну; 3. талдау; 4. жинақтау; 5. қолдану; 6. баға беру
жолдарымен жүзеге асырылады.
1. Білу мақсатына сәйкес Не? Қашан? Қай жылы? Қайда? ...құрылымы
қандай? Аяқта т.с.с. Мысалы:
А) Неліктен сол жақ қарынша қабырғасы қалыңдау болып келеді? – себебі,
ол қанды тамырлардың бүкіл ұзындығы бойынша үлкен күшпен айдайды.
Б) Неліктен жүрек үздіксіз және бүкіл өмір бойы қажусыз жұмыс істей
алады? – жүрек жұмысы біздің санамыздан тыс, ол автоматты түрде жүреді.
2. «Түсіну» мақсатына жету үшін берілетін сұрақтар түрі: Неге? Неліктен?
Себебі? түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер т с.с. Мысалы:
А) Неліктен тәтті сорпа дайындау үшін кесілген етті салқын суға, ал
пісірілген ет дайындау үшін ірі кесектерді ыстық суға салу керек?
Жауабы: Суды баяу қыздырғанда еттің құрамындағы экстрактивті заттар
сорпаға өтеді. Сондықтан сорпа етке қарағанда тәттілеу болады. Ал етті
144