БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 144
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және
қалай пайда болғандығын дәлелдейді және логикалық ойлауға, ғылыми
іздену жолына бағыттайды.
Проблемалық ахуал – оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті
қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік [2; 3].
Проблемалық оқыту оқушының танымдық көкжиегін кеңейтеді,
шығармашылық белсенділігін арттырады. Проблемалық оқыту кезінде мына
нәрселер айқын көрінеді: проблеманың тууы және оны сезіну, шешімін
табуға іздену, оның дұрыстығын тексеру. Проблеманы сезіну оқушыға қиын
жағдайдан шығу жолдарын табуға жетелейді. Проблемалық жағдайды
тудыратын жәйттер: проблеманың өзі, білімнің жеткіліктілігі, өз бетінше
жағдайдан шығу мүмкіндігі, оқушылардың танымдық қызығуы мен зерделік
белсенділігі.
Зерттеуші В.Оконь проблемалық жағдай тудырудың төмендегідей
белгілерін тұжырымдап берді:
1. Проблемалық жағдай оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын,
ынтасын тудыратындай табиғи және өмірлік сипатта болу керек;
2. Оқушылардың
тәжірибесіне,
біліміне,
жасына
лайықты
қиыншылықтардың болуы көздеуі қажет;
3. Проблема анық, дәл қойылуы тиіс;
4. Проблеманы толық не жартылай шешу — бұл оның дұрыстығын
таңдай алуы болып табылады;
5. Бір жағдайдан екіншіге өтуде бірізділік, әсерлілік сақталуын көздеу
керек [4].
Биология пәнінен жүргізген сабақ жоспарына кіріктірілген төмендегідей
проблемалық сұрақтартар мен тапсырмаларды беруге болады. Мысалы:
-
Адам қарынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, жарты бауырмен өмір
сүре алады. Адам ағзасында оншақты ішкі секреция бездері бар, олардың
салмағы 100 гр болады. Егер адамның салмағы 0,5 гр гипофиз безін алып
тастаса адам өледі.
Сұрақ: а) Ішкі секреция бездері өте кішкентай болғанымен ағза үшін
маңызы өте зор.Неліктен? ә) Ағзада олар қандай қызмет атқарады?
-
Адамның өміріне, денсаулығына биологиялық белсенді
заттар
ферменттер, дәрумендер және гормондар әсер етеді. Мысалы: қауіп төнгенде
жануарлар, жүгірер алдында спортсменнің қанында адреналин көбейіп
кетеді.
Сұрақ: Гормондардың ағзаға әсері қандай? – деп берілген тапсырмаларға
оқушылар жауап беруді іздестіреді [5; 6].
Проблемалық оқыту технологияларын сабақта қолдану тиімділігі оқыту
үрдісінде тәжірибелік эксперимент арқылы тексерілді.
Эксперимент Ақтөбе қаласы №19 ЖОББМ өтті.
Анықтаушы экспериментi кезінде оқушылардың биология пәні бойынша
білім, біліктілік деңгейі және олардың бағдарлама талаптарына сәйкестiгi
тексеріліп, талдау жасалды (кесте 1, сурет 1).
Оқушыларға
білімін тексеру Блум токсономиясының сатыларына
байланысты жүзеге асырылды.
143