БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 143
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
-
Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен
дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік
сақталады;
-
Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы
тұлғасын қалыптастыру;
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым
жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу
процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің
проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен
формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып,
оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер
жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету
жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін
қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына
байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау;
2. Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан
дұрыс құру;
3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу;
4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде
дәлелдеу.
Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды,
мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды
жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды
орындайды, керекті әдебиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу
мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап
етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі
деп аталады.
Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі,
оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі,
ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу
программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады.
Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан
қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім
мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
Проблемалық оқыту дегеніміз - оқытушының басшылығымен
проблемалық ситуацияларды туғыза отырып, оны шешу жолында
оқушылардың белсенді дербес іс - әрекетін қалыптастыру, нәтижесінде білім,
біліктер мен дағдыларды шығармашылықпен игеру, ақыл - ой қабілеттерінің
дамуы іске асады.
Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық
тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды.
Проблема дегеніміз – субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім,
икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай.
Проблемалық жағдай деп – пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның
түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады.
142