БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 142

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. ӘОЖ 371.3:57 Бимагамбетова Г.А. – биология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Е-mail: [email protected] Құрмекеш.Ә.Д. – педагогика ғылымдарының магистрі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Е-mail: [email protected] Ережепова Т.А. – Ақтөбе қаласының №19 ЖОББМ мұғалімі Е-mail: [email protected] БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Аңдатпа. Мақалада проблемалық оқытудың тиімділігі, оларды биология сабақтарында қолданудың ұтымдылығы көрсетілген. Қазіргі таңда мектеп жеткіншектерінің білімді, білікті болуында проблемалық оқыту әдісінің алатын орны ерекше екеніне көз жеткізу. Жаңа технология түрлерін биология сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылығының дамуына, білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкелетіндігі қарастырылған. Тірек сөздер: проблемалық технология, жаңа технология, проблема, проблемалық сұрақ, проблемалық тапсырма, проблемалық жағдай. Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [1]. Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нәтижелерін табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеру кезінде ситуацияларға мән берген. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, оны өз тәжірибесінде қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервергтің еңбегі зор. «Проблемагіық оқыту» ұғымы 20-30 жж. кеңес және шетел мектептерінде кеңінен тарады. Оқытудың осы әдісінің негізін қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Д.Дьюидің тұжырымдамасында мына сатыларды атайды: қиындықты сезіну; оны табу және анықтау; оны шешудің жорамалын жасау; іс-тәжірибе арқылы жорамалды тексеру т.б. Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары: - Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту; 141