БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 140
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Осындай тірек-сызбаларды қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Тірек-
сызбаларын жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде, сыныптан сыныпқа
көшу қорытынды бақылауына әзірленуде, бірыңғай ұлттық тестілеуге
әзірленуде және білімді бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады.
Тірек-сызбаларды
пайдалану
оқушылардың
қызығушылықтарын
арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық ақпарат алуға
жағдай жасайды.
Тірек-сызбаларды пайдалану мен үшін өте тиімді болды деп айта аламын,
себебі сабақты тірек-сызбаларды қолданып түсіндіру келесідей нәтиже бере
алады:
1) Оқығысы келмейтін енжар оқушыны оқуға еріксіз жетелейді;
2) Қиын мәтіннен керек жердің негізгісін тауып алуға, өз бетімен жұмыс
жасауға мәжбүр ете бастайды. Ойлануға, ой өрісін дамытуға көмектеседі;
3) Қысқа да нұсқа жаза отырып, білімді кеңейтіп, тұжырымдарды
дәлелдеп сөйлеуге үйретеді;
4) Дағдыны сақтауды қалыптастырады;
5) Теорияның негізгі түйінін таба білуге, оны дәлелдеуге үйретеді;
6) Не үшін, қалай, қай жерде қолданылады деген сияқты өзекті
мәселелерді қозғай білуге, нәтижелілікке үйретеді;
7) Білімдерін бағалауға жеңілдік туады;
8) Білімін тексеруге мүмкіндік артады;
9) Оқушылардың өз бетінше ойлануына және озат оқуына мүмкіндік
болады;
Сонымен қатар тірек-сызбаларды қолданудың өзіндік ерекшеліктерін де
байқадым:
139