БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 139
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Аристотельдің өзіне белгілі болған, ал «үдеу» терминін тек 1841 жылы
Понселе енгізді.
Физикалық құбылыстарды зерттеудің бұл кезеңінде физиктер
математиканы пайдаланған және математикалық операциялар арқылы жаңа
енгізілген шаманы бұрыннан белгілі шамалар арқылы өрнектеген. Бұл
арқылы шамаларды өлшеуге қажетті алғышарттар жасалынды.
Эксперимент нәтижелерін теориялық талдау зерттеушіге эксперименттік
заң тағайындауға мүмкіндік береді және осы заңды өзі тұрған физикалық
теорияға енгізеді.
Зерттеген құбылыстарды түсіндіретін физикалық теория: 1) физикалық
теорияны түсіндіретін және оның негізін құратын эксперименттік
фактілерден; 2) теорияның негізгі заңдарын өз тілінде тұжырымдайтын
математикалық аппараттан; 3) алынған формулалардың физикалық
мағынасын ашып беретін ұғымдық аппараттан тұрады.
Айтылғандардан көріп отырғанымыздай, ғылыми зерттеу барысында,
физиктер бірімен бірі тығыз байланысқан екі әдісті-эксперименттік және
теориялық –пайдаланады. Теория мен эксперименттің бірлігін қатып қалған
тұрғыдан қарастыруға болмайды. Зерттеудің бір кезеңінде эксперимент
теорияны басып озатын болса, енді бір кезеңінде, керісінше, экспериментті
теория басып озады немесе эксперимент пен теория дамуында уақытша
параллелизм болуы да мүмкін. Теория мен эксперименттің бірлігі деп
адамдар өзін қоршаған ортаны танып-білуде бірі-бірін толықтырып
отыратын, бірімен -бірі тығыз байланысқан екі әдісті айтамыз.
Білімді қандай әдіспен (эксперименттік немесе теориялық) алса да, ол
бірдей болады. Ғылым үшін де, адамзат үшін де ғылыми фактілер мен осы
фактілерді түсіндіретін білімнің бағалылығы бірдей.
«Механика» тарауын оқытқанда мынадай ұғымдарға аса көңіл бөлу
керек: материялық нүктенің түзу бойымен қозғалысы; координата,
жылдамдық, үдеу. Бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыс;
координата мен жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі. Бірқалыпты және қисық
сызықты қозғалыс [3, 9 б.].
Механикалық тербелістер: гармониялық тербелістер; амплитуда, жиілік
және период. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Серпімді толқындар,
олардың таралу жылдамдығы. Дыбыстың қаттылығы. Тонның жоғарылығы.
Денелердің өзара әсерлесуі. Масса. Күш. Ньютон заңдары. Дене импульсі,
импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Жұмыс және қуат.
Потенциалдық және кинетикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу
заңы. Жай механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші. Еркін түсу. Салмақ.
Салмақсыздық.
Қатты
денелердің
серпімді
және
пластикалық
деформациялары. Серпімділік күші. Гук заңы. Үйкеліс. Үйкеліс күші. Заттың
тығыздығы. Сұйықтар мен газдардың қысымы. Паскаль заңы. Архимед күші.
Денелердің жүзуі. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы. Бернулли теңдеуі [4,
11 б.].
Мектептің физика курсында Механика тарауын жалпылау және жүйелеу
мақсатында келесі тірек конспектісін ұсынуға болады (сурет – 1).
138