БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 136

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелерінің бірі. Орта мектепте физиканы оқыту үдерісінде тірек конспектілерді тиімді пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, ықшамдылығын, көрнекілігін, түсініктілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек конспектілерді пайдалану болып табылады [1, 6 б.]. Педагогикалық әдістемелік үдерістерде тірек конспектісін сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту үдерісінде кеңінен қолданылуда. Бұл технологияның ерекшелігіне тоқталсақ: Бірінші ерекшелігі – нақты дәл есептелген оқу үдерісін құра білу. Бұл құрылымды былай түсіндіруге болады: «Тірек конспектілері дегеніміз – ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат – берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы». Екінші ерекшелігі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек конспектісіне сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек конспектісі сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн. 1. Тірек конспектілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн. 2. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек. 3. Сұлбаларға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сұлбаларды оқушылардың қатысуымен талдау керек. 4. Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру. 5. Оқушының топпен және екі – екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Тірек конспектісінің артықшылықтары мынада: а) оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; б) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді; в) оқушы таңдап алған танымдылық – білімдік түсініктерін бір – бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді; г) оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; д) Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін – өзі бағалауды үйренеді. Тірек конспектілері арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді [2, 21 б.]. Атап айтсақ: Мұғалім: - оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады – мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді; - баға қоры молаяды; - оқушы білімі әділ бағаланады. Оқушы: - берік білім негізі қаланады; - сөйлеу қабілеті дамиды; - тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады; 135