БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 135

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Keywords: research activity, learning process, project method, activity, student, information projects, research projects, creative projects, practice-oriented projects, game projects. ______________________________________________________ ӘОЖ 531 Сырым Ж.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Өтемісов атындaғы БҚМУ Ахметов М.Г. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университеті Муратова К.М. – М.Өтемісов aтындaғы БҚМУ мaгистрaнты E-mail: [email protected] МЕХАНИКА КУРСЫ БОЙЫНША ТІРЕК КОНСПЕКТІЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Аңдатпа. Мақалада физика сабағында тірек конспектілерді қолдану артықшылықтары баяндалған. Тірек конспектілер берілген оқу материалдарын есте сақтауға көмектеседі. Сонымен бірге тірек конспектілер оқыту құралы ретінде түсініктерді тез меңгеруге, терең білім беруге және оны жүйелеуге мүмкіндік береді. Тірек сөздер: оқыту үдерісі, тірек конспекті, мектеп, мұғалім, оқушы, эксперимент, физикалық құбылыстар, механика, кинематика, динамика. ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс- 134