БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 137
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
- танымдық үдерісі нығаяды;
- қарым — қатынас қажеттілігі қанағаттандырылады;
- пәнге деген қызығушылығы артады;
- шығармашылығы шыңдалады.
Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып,
жаңашылдыққа бет бұрады. Оқушы материалдарды білімге деген қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек конспектілері арқылы оқыту
мынадай мақсаттарды – білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы
оқыту; оқытуды жеделдету.
Тірек конспектілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері –
үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық,
ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал;
ізгілік, еркімен оқыту.
Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге
жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі, әрі
жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру. Осы
мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мұғалімдері іздемпаздықпен оқытудың
тиімді әдіс тәсілдерін өз тәжірибесінде үздіксіз қолдана отырып жұмыс
жүргізіледі. Жұмыстың нәтижелі болуы кез келген мұғалімнің таңдап алған
әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және оқушының жас ерекшелігі мен
білім деңгейін ескеріп отыруына байланысты.
Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстырып, оған белгілі
бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру – жақсы нәтиженің
негізі. Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алынған
оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін көрсетеді. Әртүрлі әдістерді сабақта
қолдану мектеп мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту
үрдісінде кеңінен қолдануда. Тірек конспектілерін пайдалану тиімді. Белгілі
бір әдіс, белгілі бір кезең өткен соң өзге бейнеде түрлендіріп берілсе, онда
оқушыларда қайта қызығушылық пайда болып, оларды ізденуге жетелейді [1,
7 б.].
Тірек конспектісін практикалық сараман кезінде сабақтарымда
қолдандым. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн:
I. Тірек конспектілерін орта деңгейдегі сыныптардан бастау.
II. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану.
III. Тірек конспектілерін оқушылармен бірге талдау жүргізе отырып
даярлау.
- Оқушыларға белгілі тақырыпқа сай тірек конспектілерін даярлауға
негізделген өзіндік жұмыс және үй тапсырмасын беру.
- Оқушылардың топпен не екі-екіден жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.
Тірек конспектілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада:
1. Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;
2. Оқушының қысқартылған материалды түсінуі үшін ойлау, салыстыру,
есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндік туады;
3. Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді үйренеді;
4. Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді;
5. Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау, оның мәнін
білуге мүмкіндік туады;
6. Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалап үйренеді.
136