БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 132

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. 1) іс-әрекеттің басым түрі: практикалық-бағдарлы, зерттеу, ақпараттық, шығармашылық, рөлдік; 2) кешендік: моножобалар – бір пәннің немесе білімнің бір саласында болады, сабақта жүргізілуі мүмкін; пәнаралық жобалар проблеманы қоюда кіріктіруді талап етеді; 3) байланыстардың сипаты: топаралық, жоғарғы оқу орны арасындағы, әртүрлі деңгейдегі қалалық, республикалық,халықаралық олимпиадалар. 4) орындаудың ұзақтығы: мини-жобалар сабақтың бір бөлігін немесе бір сабақтың уақытын алады, қысқа мерзімді жобалар – 4-6 сабақ; апталық жобалар - жобалау апталығының аясында жүргізіледі, 30-40 сағатты алады: сабақтарда жұмысты координациялау жүргізіледі, ал жұмыстың негізгі көлемі сабақтан тыс уақытта немесе үйде орындалады; жылдық жобалар - ұжымдық және жеке түрде жүргізіледі. Е.С. Полат жобаны жіктеудің тағы екі негіздемесін қарастырады: 5) жобаны координациялау сипаты: тікелей (қатаң, жұмсақ), жасырын (айқын емес, жобаға қатысушыны имитациялайтын); 6) жобаға қатысушылардың саны. Жоғарыда аталған ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, студенттердің біз айқындаған ақпараттық технологиялық құзыреттілікті меңгеруі үшін, белгілі мүмкіндіктерін, сонымен бірге, жобалау іс-әрекетінің тәсілдерін анықтаймыз және сипаттаймыз: 1. Ақпараттық жобалар бастапқы кезден, белгілі бір нысан, құбылыс немесе оқиға туралы ақпарат жинауға, жобаға қатысушыларды онымен таныстыруға, кең аудиторияға арналған деректерді талдау және жалпылауға бағытталған. Мұндай жобалар, жобамен жұмыс барысында, құрылыммен алдын ала анықтауды, жүйелі түрде түзетудің мүмкіндіктерін талап етеді. Осындай жобаның құрылымын Е.В. Полат келесі үлгіде белгілейді: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат алу әдістері (әдебиет көздері, мәліметтер базасы, оның ішінде электрондық, сұхбат, сауалнама, «миға шабуыл» жүргізу, ақпаратты өңдеу (талдау, жалпылау, таныс деректермен салыстыру, дәйектелген тұжырымдар), нәтиже (мақала, реферат, баяндама, видео), мультимедиалық презентация (басылым болуы мүмкін, оның ішінде желідегі және т.б.). Зерттеу іс-әрекеті ақпараттық іздеу және талдау мақсатында, келесі құрылымнан тұрады: ақпараттық іздеу пәні – аралық нәтижелерді белгілеумен іздеудің кезеңдері – жинақталған деректермен аналитикалық жұмыс – тұжырымдар – бастапқы бағыттарды түзету (егер талап етілсе) – нақтыланған бағыттар бойынша ақпаратты әрі қарай іздеу – жаңа деректерді талдау – жалпылау – тұжырымдар, әрі қарай мәліметтерді алғанға дейін жалғаса береді, ол жобаға қатысушыларды қанағаттандыруы керек – қорытынды, нәтижелерді безендіру (талқылау, редакторлау, презентация, сыртқа бағалау), біздің пікіріміз бойынша, олар ақпарат көзінің типіне тәуелсіз, ақпараттық іс-әрекеттің құрылымына ұқсас болады, өз кезегінде, жобалау кезеңінің барысында, «тікелей» тұрғыда қатысушылардың ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға тікелей жұмыс істейді. 2. Практикалық-бағдарлы жобалар нәтижені алдын ала анықтауды талап етеді, мұнда жобаға қатысушылардың, қоршаған социумның немесе сырттай тапсырыс берушінің (студенттерге арналған алаң, қойылым үшін 131