БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 133
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
декорациялар, газет, бейнефильм, қойылым және т.б.) қызығушылықтарына
бағдарлануы міндетті болып саналады. Мұндай жоба жақсы ойластырылған
құрылымды талап етеді, тіпті оған қатысушылардың іс-әрекетінің сценарийі,
олардың қызметтері анықталуы керек, аралық нәтижелердің дәл шығуы және
әрбір студенттің соңғы өнімді безендіруге қатысуы жақсы ойластырылуы
қажет. Мұнда әсіресе, күш-қуатты сатылы түзету, презентация мен алынған
нәтижелердің сырттай бағалануы, апробацияның мүмкін болар тәсілдері мен
оларды тәжірибеге ендіру тұрғысында, жұмысты жақсы реттеу маңызды
болып саналады.
3. Зерттеу жобалары шынайы ғылыми зерттеуге ұқсас, жобаның
өзектілігінің негізделуін, әлеуметтік маңыздылығын, мақсаттарын,
құрылымын, әдістерді, болжамды ұсыну және эксперименталды тексеруді,
нәтижелерді статистикалық өңдеуді талап етеді.
4. Шығармашылық жобалар, детальды құрастырылған құрылымының
болмауымен ерекшеленеді, ол жобаға қатысушылардың қызығушылықтары
мен қабылдаған логикасына бағынып, жаңадан құрылады және әрі қарай
дамиды. Біздің жағдайымызда, қаланған және жоспарланған нәтижелер
туралы айтуға болады (шығарма, спорт ойындары, экспедиция,
театрландарылу және т.б.).
Студенттер білімді шынайы қажеттік ретінде қабылдауы үшін оның өзіне
маңызды келген проблеманы қойып, өз белсенділігімен шешу талабын тарту
лазым. Нәтижені сырттай көруге, ұғуға, тұрмыс-тәжірибеде қолдануға
болады. Ал іштей нәтиже сол білімге деген ынта мен ептіліктер, біліктілік
және құндылықтар.
Жоба әдісін дайындап, әлемде бірінші больш білімдену жобаларын
ажырата топтастырған американдық профессор Коллинге болды. Оның
ойынша, тәлім-білім тиімділігін көрсетуге бағытталған жобалар түрі
келесідей болуы мүмкін:
Ойындық жобалар - әрқилы ойындар, халық билері, сахналық
қойылымдар және тағы басқалар. Мақсат – балаларды топтық қатынастарға
тарту.
Саяхаттық жобалар – қоршаған табиғат және қоғамдық өмірмен
байланысты жағдайларды мақсатты түрде зерттеп үйрену.
Баяндама жобалары – мақсаты - әрқилы формада әңгімелесуден (ауызша,
жазбаша, ән орындау, күй тарту және т.б) қанағат табу.
Құрастырушылық жобалары - нақты пайдаға жарағандай өнім жасау (құс
үясын жасап, жоғарыға ілу, мектеп театры сахнасын құру, көпір салу, ойын
алаңын түзу және т.б.).
Зерттеу әдістерін пайдалану келесідей: қойылатын мәселені және
туындайтын міндеттерді белгілеп, оны шешуге байланысты болжамдарды
алға тарту, соңғы нәтижелерді өрнектеп, алынған деректерді талдау,
қорытынды шығару, түзетулер енгізу. Әрқилы жағдайлардағы жоба
тақырыбын таңдау әртүрлі жолмен анықталуы мүмкін. Бұл жағдайларда оны
бекіткен бағдарлама шеңберінде тәлім-тәрбие мекемелерінің басшылары
ұсынуы мүмкін, және бірде тақырыпты өз пәні жағдайларын, өзінің кәсіби
қызығулары мен студенттердің қабілеттерін ескерумен оқытушы тарапынан
ұсынылуы ықтимал. Үшіншіде - жоба тақырыбы студенттер тарапынан өз
қызығушылығына сәйкес тек танымдық сипатта ғана болмай, қолданбалы,
шығармашыл формада алдағы міндеттер есебінде қолға алынуы мүмкін.
132